ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Еуразия технологиялық университеті

Еуразия технологиялық университеті Қазақстан Республикасының ескі оқу орны – Алматы индустриалды техникумының (1948 жылы негізі қаланған) негізінде құрылды. 2000 жылы Алматы индустриалды-педагогикалық академиясы болып қайта құрылды.

ЕТУ миссиясы – Болон үдерісінің және қазіргізаманғы халықаралық сапа стандарттарының қағидаларын іске асыру арқылы Қазақстан экономикасының индустриялы-инновациялық секторлары үшін кадрлық әлеуетті – жоғары білікті бәсекеге қабілетті интеллектуалды мамандарды қалыптастыру.

ЕТУ болашағы – Қазақстанда және халықаралық білім беру кеңістігінде энергетика, көлік және машина жасау, өнеркәсіптік технологиялар, экономика, бизнес және басқару салаларында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша әйгілі жоғары оқу орнына айналу.

ЕТУ мақсаты – білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, жоғары білім беру жүйесінің заманауи талаптарына жауап беретін университет қызметінің басым бағыттарын дамыту.

Университеттің кафедралары:

  • Инженерлік кафедра
  • Экономика, бизнес және құқық кафедрасы
  • Кәсіптік оқыту және жалпы білім беру кафедрасы
  • Тіл мектебі
  • Әскери кафедра

Байланыстар: 

050012, Алматы қ.,   Төле би көшесі, 109

Электрондық пошта: info@etu.edu.kz

Кеңсе: 8 (727) 292-24-43

Кеңсенің  факсі: 8 (727) 292-24-43