ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті  -  өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар,  әлеуеті зор және болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны.

Университеттің көп деңгейлі құрылымына бакалавриат (65 мамандық), магистратура (30 мамандық), РһD докторантура (6 мамандық) енеді. 2018 жылы университет жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы бакалавриаттың 13 мамандығы, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша лицензия алды.

Бүгінде университетте 6 мыңнан астам студент, 271 магистрант және 33 докторант білім алуда. «Серпін» бағдарламасы бойынша 1370 студент оқып жатыр. Университетте 10 мамандық бойынша кадрлар даярлығын жүзеге асыратын Көпсалалы колледж жұмыс істейді. Колледж контингенті 505 адамды құрайды. Университетте Солтүстік Қазақстанда алғашқы рет жалпы медицина факультеті ашылды. Бүгінде медицина факультетінде клиникалық пәндер кафедрасы мен морфология, физиология және жалпы патология кафедрасы жұмыс істейді. 2018-2019 оқу жылындағы қабылдау 172 бакалаврды құрады, оның 12 ҚР БҒМ грантының иегері, 50 адам – Ақмола облысы әкімі грантының, 12 адам – аудан әкімдері грантының, 1 адам – Қостанай облысы әкімі грантының иегері, 12 адам интернатураға түсті. Медицина факультетінде білім алу үшін Үндістанның 41 студенті келді.

Университеттің оқытушы-профессор құрамында 410 оқытушы, оның 20 – ғылымдар докторы, 13 - Phd докторы, 92 - ғылымдар кандидаты, 214 магистрант. Қазақстан ЖОО-ның мақсатты PhD-докторантурада 24 адам білім алуда. 35 оқытушы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетнің мәртебесі  ғылымның түрлі салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді жоспарлайды. Университетпен 17 гранттық ғылыми жоба, МЖМС шеңберінде 2 жоба, 4 халықаралық ғылыми жоба іске асырылды. 13 ғылыми жобаның жүзеге асырылуы жалғасуда. Университет оқытушыларының қолданысында 83 өнертабыс, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 48 мақала жарияланды, 13 оқытушыда Хирш индексі бар.

ЖОО халықаралық ынтымақстастық дамытуды белсенді қолдайды. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 18 мемлекеттің 68 жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Университетте «Қазақстан Республикасының ЖОО-на шетел мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарға дәріс оқу үшін шетел маамандары шақырылады. 2017 жылы «ЖОО топ-менеджментіне шетел мамандарын тарту» бағдарламасы бойынша стратегиялық даму жөніндегі проректор және ғылым, инновациялар және коммерциализациялау жөніндегі проректор ретінде Қасиетті К.Охридский атындағы Университеттен (Болгария) Кривирадева Б.И. және Рейдинг Университетінің  (Ұлыбритания) Дэвид Фусчи мамандары жұмыс істеді.

Университет факультеттері:

  • Жаратылыстану ғылымдары факультеті
  • Тарих, заңтану, өнер және спорт факультеті
  • Техника және технологиялар факультеті
  • Филология және педагогика факультеті
  • Медициналық факультеті
  • Сырттай және қашықтан оқыту факультеті
  • С. Сәдуақасов атындағы аграрлық-экономикалық институты

Байланыстар: 

020000,    Көкшетау қ.  Абай көшесі, 76

Электрондық пошта:  mail@kgu.kz

Кеңсе: 8 (716 2)  25 55 97

Кеңсенің  факсі: 8 (716 2)  25 55 97