ҚР ҰБ курстары, 27.04.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 475.54 (-0.84)
USD 443.35 (-0.87)

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасында өтіп жатқан жаңа әлеуметтік- экономикалық үрдістер мен реформалардың  талаптарына сәйкес  2000 жылында ұйымдастырылған.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті білікті ғылыми-педагогикалық әлеуеті, жақсы материалдық-техникалық базасы бар жаңа типті жоғары оқу орны ретінде  мамандарды даярлауда оқытудың заманауи  жаңашыл технологияларын  қолдануға бағытталған және халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келеді.

Университеттің негізгі миссиясы–модернизациялау, корпоративтік мәдениетті дамыту, жүйелі әлеуметтік саясат   арқылы еліміздің солтүстік өңір үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Университеттің алдында тұрған басты міндеттер қатарында:

- білім алушыны (студенті немесе магистранты) белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман және кәсіби-құқықтық, этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес бүгінгі қарқынды дамып кележатқан қоғам өміріне бағдарланған әлеуметтік белсенді тұлға ретінде даярлау;

- мемлекеттік-патриоттық құндылықтарға бағытталғанәлеуеті мен күш-жігерін қоғам мен өз игілігі үшін жұмсауға қабілетті, өзіне сенімді тұлғаны қалыптастыру. 

Университет кафедралары:

  • Халықаралық қатынастар, тарих жәнеәлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және басқару
  • Құқықтану
  • Шетел тілдері және аударма ісі
  • Ақпараттық жүйелер және информатика
  • Экология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Дизайн, мәдени тынығу жұмысы
  • Әлеуметтік - педагогикалық пәндер
  • Туризм, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт
  • Кәсіптік оқыту, жүк тасымалдау және жол жүру,  көлікті пайдалануды ұйымдастыру.
  • Әскери кафедра

Байланыстар: 

020000, Көкшетау қ.,   Әуэзов көшесі, 189 А

Электрондық пошта: kuam-kokchetau@mail.ru

Кеңсе: 8(7162) 33-68-20

Кеңсенің  факсі: 8(7162) 25-42-59