ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

 Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің тарихы 1957 жылдан бастау алады. «Батыс және Солтүстік-Батыс Қазақстанды білікті дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында...» СССР жоғары білім министрлігінің бұйрығымен 1957 жылы 1 қыркүйекте «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (АқММИ) ашылды. Институттың бірінші ректоры болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, кейіннен медицина ғылымдарының докторы, академик А.Б.Дайыров тағайындалды.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ бүгінгі таңда мамандары ЖОО-ның танымал ғалымдары негіздеген ғылыми мектептер дәстүрін жалғастырып келе жатқан ірі оқу, ғылыми және медициналық мекеме болып табылады. Білім беру процесі жоғары оқу орны (бакалавриат, интернатура) және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, магистратура, PhD-докторантура) негізгі білім беру бағдарламалары бейіні бойынша мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтиды. Бүгінгі таңда студенттердің 60% -ы мемлекеттік білім гранты негізінде білім алады, сонымен қатар, облыстық әкімдіктерден медициналық кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Шетелдік студенттерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде, қазіргі уақытта Үндістаннан 264 студент білім алуда. Марат Оспанов атындағы БҚММУ Ақтөбе облысы мен барлық Батыс Қазақстан облысын медициналық кадрлармен қамтиды.

Университетте 5 оқу-зертханалық ғимарат, 2100 орындық 5 студенттік жатақхана бар. 2016-2017 оқу жылында 1000 адамға арналған жатақханадан тұратын заманауи кешеннің құрылысы аяқталды, 700 орындық А.Досжанова атындағы конференц-холл, заманауи кітапхана бар. Білім алушылар университеттің жеке үш аккредиттелген клиникасын: медицина орталығы, отбасы медицина клиникасы және стоматологиялық клиника қолданады.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ өзара қарым-қатынастар туралы меморандумдар, келісімшарттар, халықаралық серіктестік туралы келісімдер негізінде жыл сайын дамып келе жатқан 45 жетекші шетелдік ЖОО-мен медицина ғылымы, білім беру және практикалық денсаулық сақтау саласында серіктестікті жүзеге асырады. Студенттер мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы бағдарламасы жүзеге асырылады. ЖОО-ы Еуропадағы Медициналық Білім Қауымдастығымен (AMEE), Еуропаның Медициналық Мектептер Қауымдастығымен (AMSE) серіктестік жасайды, Дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйымдастыру медициналық мектептерінің директорийіне (World Directory of Medical Schools, WHO), ЮНЕСКО Университеттердің Халықаралық анықтамалығына қосылған.

ЖОО-ы құрылған уақыттан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру саласында 25 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Университеттің тәрбиеленушілері жақын және алыс шет елдерде табысты жұмыс жасайтын Қазақстандағы көптеген ЖОО-ы мен ҒЗИ-ның оқу және ғылыми ұжымдарын басқарады.

Байланыстар: 

030019,  Ақтөбе қ.,  Маресьев көшесі,68

Электрондық пошта: info@zkgmu.kz    

Кеңсе 8 (7132) 56 00 08

Факс : 8(7132)  56 32 01