29.05.2019 | 16:09

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова үкіметтің баспасөз конференциясында осы сұраққа жауап берді.

Министр өз жауабында «Білім туралы» заңға сілтеді. Құжатта бірінші сыныпқа сол уақытта 6 жасқа толған балалар баратыны көрсетілген.

"Заң бойынша балалар бірінші сыныпқа 6 жастан бастап барады. Сондықтан балаларды 6 жастан бастап мектепке беру керек. Алайда 1 қыркүйекте, қазан, қараша, желтоқсан айларында 6 жасқа толған балалар мектепалды даярлық сыныбын тәмамдағаннан кейін, келесі жылында бірінші сыныпқа барады", - дейді Шәмшидинова.

Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы мектеп бағдарламасының аталған жасқа лайықты етіп әзірленгенін және балалардың ерекшеліктері ескерілгенін атап өтті.  

292