DamuBala - бұл 4 жастан 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға арналған жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге іздеу және жазылу платформасы.

Екі компаниялардың серіктестігінің көмегімен, kundelik.kz жүйесінде тіркелген ата-ана DamuBala бөліміне өтіп, баласы қатысатын ағымдағы үйірменің күйін бақылай отырып, үйірмедегі кезекті көре алады және берілген ваучерлердің тарихымен таныса алады.

Kundelik.kz жүйесінде ақпаратты қалай көруге болады?

Kundelik.kz сайтында оқушы қай үйірмелерге баратыны туралы ақпаратты көру үшін:

  • kundelik.kz сайттында «Көк жолақта» - «Үйірмелер» батырмасын басу керек; 

  • платформаларды таңдау беті ашылады, онда «DamuBala» бөлімінде үйірмелер мен секциялар бойынша деректер көрсетіледі.

Ақпарат бірнеше нұсқада көрсетілетін болады.

Жүйе деректерді тексеруді сұрауы мүмкін. DamuBala-дан ақпаратты көру үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен деректерді тексеруді жүзеге асыру талап етіледі. Ол үшін:

  • сілтеме арқылы өтіп NCALayer бағдарламасын компьютерге орнатып (ЭЦҚ арқылы қол қою үшін);
  • «Деректерді тексеру» батырмасын басу; 
  • ЭЦҚ кілтін таңдау терезесі ашылады, Auth кілтін таңдап, деректердің тексерілуін растау; 
  • «Мен дайынмын!» батырмасын басу қажет.
  • әрі қарай, DamuBala жүйесіндегі балаңыздың үйірмелері туралы ақпарат ашылады. 

mceclip5.png