07.03.2025 | 11:59

Mektepmenu.kz цифрлық қызметі: Мектептердегі тамақтануды автоматтандыру

Mektepmenu.kz – мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың негізгі процестерін автоматтандыруға және оқу орындарында ашықтықты қамтамасыз етуге арналған инновациялық цифрлық қызмет. Бұл сервис қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келе отырып мектептегі тамақтану жүйесіндегі есеп жүргізу, бақылау және жеңілдетуге бағытталған.

Нормативтік актілер

Mektepmenu.kz келесі нормативтік актілерге сәйкес жұмыс істейді:

  • 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығы;
  • 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы.

Қызметтің барлық пайдаланушылары үшін артықшылықтар

Mektepmenu.kz әртүрлі санаттағы пайдаланушыларға кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады, жүйемен ыңғайлы және қауіпсіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

1. Білім беру басқармаларының қызметкерлері:

  • Мектеп асханаларындағы мәзірді бақылайды және бракераж комиссияларының есептерін жариялануын бақылайды;
  • Арнайы dashboard арқылы мәзірдің толтырылуын бақылайды;
  • Мектептерде тегін тамақтануды қамтамасыз ету туралы есептілікті қарай алады.

2. Жалпы білім беретін мекемелер (мектептер):

  • Оқушылар мен ата-аналарды мектептегі тамақтану туралы хабардар етеді;
  • Ата-аналар мен оқушылардан тамақтану сапасына қатысты кері байланыс алады;
  • Бракераж комиссияларының есептері мен сертификаттарын жариялайды;
  • Тегін және ақылы тамақтану бойынша есептерді қалыптастырады.

3. Оқушылар мен олардың ата-аналары:

  • Қолжетімді мәзірін қарайды;
  • Аллергиялық қасиеттері бар өнімдер туралы ақпарат бере алады;
  • Сервиске Күнделік жүйесі арқылы автоматты кіре алады (Single Sign-On);
  • Мектептегі тамақтану сапасына кері байланыс қалдыра алады;
  • Асханаға бару туралы хабарламалар алады.

Ыңғайлылық пен ашықтық

Mektepmenu.kz – Қазақстан Республикасындағы мектептердің тамақтану процессін толық цифрландыруға қарай жасалған маңызды қадам. Сервис ашықтықты қамтамасыз етіп, тамақтану сапасы мен ұйымдастырылуын бақылауды жақсартады. Ата-аналар мен оқушыларға ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жүйе асханаға бару туралы ата-аналарды автоматты түрде хабардар етіп отырады, бұл мектептік тамақтануды тек қолжетімді ғана емес, сонымен қатар барынша ашық етеді.

Mektepmenu.kz – мектептік тамақтану сапасын арттырудың және оқу орындары мен ата-аналар арасындағы сенімді нығайтудың сенімді құралы.

11181