Kundelik платформасы XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жаңа материалдардың қолжетімді екенін хабарлайды!
Әдістемелік ұсынымдарды «Тәлімгер» кәсіпкерлік білім беруді дамыту қорының әдіскерлері «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен әзірлеп, олар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-сы тарапынан мақұлданды.
Ұсынымдарда оқытудың әртүрлі әдістері жан-жақты қарастырылған, соның ішінде: жобалық оқыту, қателіктер арқылы үйрену, интерактивті семинарлар мен воркшоптар, менторлық пен тәлімгерлік, кейс-әдісі, проблемалық оқыту, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар, геймификация, модельдеу және симуляциялар, қызмет көрсету арқылы оқыту, бизнес-қоғамдастықпен серіктестік және пәнаралық оқыту.
Бұл әдістерді пайдалана отырып, сіз сабақтарыңызды түрлендіріп, оларды тәжірибеге бағытталған етіп ұйымдастыра аласыз және оқушыларыңызды жаңа жаһандану дәуіріне дайындай аласыз.
Авторлар ұжымы бұл ұсынымдар мұғалімдерге қажетті жағдай жасап, оқушылардың XXI ғасырдағы жан-жақты дамуы үшін кәсіпкерлік дағдылары мен ойлау қабілеттерін қалыптастыруда пайдалы құрал болатынына сенеді.

Материалдарды жүктеу сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/file/d/1-y3Q80pne_Q2x7MULNLiMGYHG8a95F_1/view?usp=sharing