25.04.2025 | 13:39

inVision U – inDrive компаниясы жүзеге асыратын, Қазақстанның жетекші техникалық университетінің базасында жұмыс істейтін автономды инновациялық факультет. Бұл серіктестік академиялық тәжірибе мен заманауи оқыту әдістерін үйлестіріп, студенттерге озық білім мен нақты практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

inVision U оқу бағдарламасы бес өзара байланысты бағытты қамтиды:

  • Инновациялар және көшбасшылық социологиясы
  • Мемлекеттік басқару және даму стратегиялары
  • Инновациялық цифрлық өнімдер мен сервистер
  • Креативті инженерия (Математика + Физика)
  • Цифрлық медиа және маркетинг

inVision U миссиясы — барлық мектеп түлектеріне тегін, тәжірибеге бағытталған жоғары білім беру. Білімге инвестиция жасай отырып, inDrive жас таланттардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Бұл оларға өз болашағын қалыптастыруға ғана емес, сонымен бірге өз қауымдастықтарындағы маңызды мәселелерді шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама — ауқымы кең қозғалыстың бір бөлігі. Бағдарламаның негізін қалаушы және inDrive компаниясының CEO-сы Арсен Томскийдің айтуынша, алғашқы бағдарламалар іске қосылып, күшті оқытушы құрамы қалыптасқаннан кейін Алматыда толыққанды университет пен кампус ашу жоспарланған. Кейін жоба әлемнің басқа өңірлеріне де кеңейтіледі.

“Бұл — бас кеңсесі Алматыда орналасқан қазақстандық жобa, ол еліміздің халықаралық имиджін күшейтеді”, — дейді Томский.

Жобаның басты ерекшелігі — аймақтардағы әлеуметтік жағдайына қарамастан талантты жастар үздік тәжірибелерге, зерттеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, оқу бітірген соң өз жобаларын іске асыра алады. Бакалавриат түлектері өңірлер мен елдің дамуына бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру үшін 18 айға дейінгі гранттар ала алады.

inVision U дәстүрлі лекциялардан гөрі практикалық жобалар мен топтық жұмысқа басымдық береді. Студенттер нақты жергілікті және өңірлік мәселелерге шешім әзірлейді. Бағдарламаны тәмамдаған соң бизнес немесе әлеуметтік бастамаларды іске қосу үшін тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі. Бұл жастардың өз қауымдастықтарында жұмыс істеуіне жағдай жасап, ел ішіндегі таланттардың сақталуына ықпал етеді.

Foundation бағдарламасы 2025 жылы басталды, ал бакалавриат бағдарламасы 2026 жылы іске қосылады. Оқу толықтай тегін.

Құжат тапсыру мерзімдері:

Foundation:

2025 жылдың 10 қарашасынан 2026 жылдың 30 мамырына дейін

Бакалавриат:

  • Ерте қабылдау: 2025 жылдың 10 қарашасынан 24 желтоқсанына дейін
  • Стандартты қабылдау: 2026 жылдың 12 наурызынан 30 мамырына дейін

Барлық мәліметті сайттан біле аласыз:

1852