КИМЭП Университеті, Алматы
2026 жылғы 27–28 ақпан
KIMEP AI Conference 2026 — КИМЭП Университетінің Компьютер ғылымдары және математика факультеті ұйымдастыратын 9–12 сынып оқушыларына арналған екі күндік жасанды интеллект конференциясы. Іс-шара оқушыларды жасанды интеллект технологияларымен практикалық түрде таныстыруға, олардың нақты өмірдегі қолданылуын түсінуге және ЖИ саласындағы білім мен болашақ мансап мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.
Негізгі бағыттар:
• ЖИ бойынша практикалық шеберлік сабақтары (ChatGPT, Prompt Engineering, сурет генерациясы, робототехника)
• Нақты мәселелерді шешуге арналған KIMEP AI Challenge командалық байқауы
• Интерактивті ЖИ-белсенділіктер мен викториналар
• ЖИ және технология саласындағы болашақ мамандықтарға шолу
• Сертификаттар, жүлделер және марапаттар
• КИМЭП Университетінің кампусымен танысу
Іс-шара бағдарламасы және тіркелу:
https://www.kimep.kz/kz/blog/2026/02/03/kimep-ai-conference-2026/?utm_source=kundelik