ЕАГИ-де оқу күндізгі және сырттай оқу нысандары, сондай-ақ қысқартылған мерзім бойынша бакалавриаттың: Мектепке дейінгі оқу және тәрбие; Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Педагогика және психология;  Тарих; Қазақ тілі мен әдебиеті; Құқық және экономика негіздері; Шетел тілі: екі шетел тілі; Аударма ісі; Құқықтану; Қаржы  мамандықтары бойынша маңызды әрі қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Институтта жоғары білікті 132 оқытушы жұмыс істейді. Олардың арасында 13  ғылым докторы, PhD-доктор мен профессорлар, 57 ғылым кандидаты, доценттер бар. Оқытушылардың көпшілігі АҚШ, Германия, Ресей және басқа елдерде тәжірибе жинақтаған; ҚР Президенті әкімшілігінде, Парламентте, Конституциялық кеңесте, Жоғарғы сотта, Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде  және білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін басқарушы-мамандар бар.

Еуразия гуманитарлық институты өзіндік инновациялық әлеуетке ие. Қазіргі уақытта институт ғалымдары ғылымның түрлі салаларынан жобалар әзірлеп, іске асыруда:

  • жетім балаларды тәрбиелеу мен дамытуды психологиялық қолдау;
  • жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеудің психологиялық аспектілері;
  • құзыреттілік келіс жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын дайындаудың негізі ретінде;
  • XX-XXI ғғ. Қазақстандағы тарихи-мәдени үдерістер;
  • мұғалімдерді кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және педагогикалық технологиялар;
  • Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ақша-қаржы саясаты: теориясы, әдіснамасы, іске асыру жолдары;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы гендерлік теңдікті қалыптастыру жағдайындағы адам капиталы;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолдарын қалыптастыру;
  • шет тілдерін оқытудағы жалпы білім беру үдерісінің әдіснамалық негіздері;
  • қазақ және орыс филологиясының өзекті мәселелері: теория, практика, интеграция және перспектива.

Қазіргі уақытта Еуразия гуманитарлық институты келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде:

  • білім беру саласы, мемлекеттік және бизнес-құрылымдар үшін мамандар даярлау және қайта даярлау;
  • ЕАГИ колледжінде арнайы орта білімі бар мамандар даярлау;
  • ғылыми білімді интеграциялау (пәндік мазмұн мен түрлі ғылыми әдістерді және интеграциялану үдерісіне қосылған жекелеген ғылымдардың әрқайсысының неғұрлым күрделі теориялық және практикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ғылыми пәндердің синтезі);
  • институттың әлемдік сапа стандартына өтуі.

Институт қызметінің басты бағыты – қазіргі кәсіби қызмет жағдайында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлау.

ЕАГИ  Қазақстан Республикасы Білім мекемелері қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2010 ж. Тараз декларациясына қол қойды. 2014 ж. «Қазақстандық ашық консорциум» құрамына кірді.

Институтта ҚР БҒМ-ның Білім мен ғылым саласын бақылау комитеті мақұлдаған ғылыми басылымдар тізбесіне енген «Еуразия гуманитарлық институты хабаршысы», «Қазақ білім академиясының баяндамалары» ғылыми журналдары белгіленген мерзімде тұрақты шығып тұрады.  2012 жылы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы «ЕАГИ хабаршысы», «ҚБА баяндамалары» ғылыми журналдарына халықаралық сериялы стандартты нөмірлер берді. Институтта 1999 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген  көп таралымды «Жас ұрпақ» шығып тұрады.

Институтта жыл сайын ғылыми-практикалық, әдістемелік, студенттік конференциялар, симпозиумдер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады;  институт жыл сайын қалалық, мәдени-көпшілік, спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. 

Институт түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие, көпшілігі ЖОО-дан кейін Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырады.

Институт кафедралары:

  • Шетел тілдері кафердрасы
  • Педагогика кафедрасы
  • Заң пәндері кафедрасы
  • Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
  • Қазақ және орыс филологиясы кафердасы

Байланыстар:

010009, Нұр-Сұлтан қ.,   М.Жумабаев даңғылы,   4 үй

Электрондық пошта: eagi@list.ru

Кеңсе: 8 (7172) 56-19-33

Кеңсенің  факсі: 8 (7172) 56-19-33