Қазақстандық Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ҚДСМ) 1997 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкметінің № 1142 Жарлығымен Алматы қаласында ДДСҰ Еуропалық Аймақтық Бюросы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі арасындағы 1996 жылдың 18 қазанындағы Келісімге сәйкес құрылды. 2000 ж. 18 қарашасында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» (ҚДСЖМ) деп атын ауыстырды. Мектеп қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, менеджмент, маркетинг, денсаулық сақтауды реформалау жағдайындағы экономика мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдар мен мекемелер басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.
ҚДСЖМ ТМД елдері аумағындағы осындай бейіндегі институттардың алғашқыларының бірі болып табылады және осы таңда Қазақстан және Орта Азияның мемлекеттік шенеуніктеріне жаңа ой-пікір, ғылыми білім мен тәжірибелік дағдылар ұсыну миссиясын атқарушы жетекші оқу және ғылыми орталық бола білді деп сенімді айтуға болады. Қазіргі таңда ҚДСЖМ қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылым мен білім аясында көшбасшылық орындарды нық ұстап тұр.
ҚДСЖМ Қазақстандық медициналық университеті — қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, денсаулық сақтау менеджерлерін дайындау және үздіксіз кәсіби дамытуда, біліктілігін арттыруда, халық денсаулығын қорғау және саланы дамыту саласында талдамалық, сараптық зерттеулерді жүргізуде көшбасшы болып табылады.
Университеттің маңызды ерекшелігі – медициналық жұмыскерлерімен қатар басқа мамандар – экономистер, қаржыгерлер, заңгерлер, биомедстатистиктер, ақпараттық технологиялар және әлеуметтік сала мамандарын оқыту болып табылады. Білім беру үдерісінің сапасы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеумен, ҚР Білім және ғылыми министрлігінің куәлігімен, ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес келу сертификатымен расталды.
«ҚДСЖМ» ҚМУ денсаулықты қорғау және денсаулықты сақтауды даыту саласында зерттеулерді жүзеге асыру кезінде ДДСҰ Еуропалық аймақтық Бюросының негізгі серіктесі болып табылады.
Байланыстар:
050060, Алматы қ., Утепов көшесі, 19 аЭлектрондық пошта: ksph@ksph.kz
Кеңсе: 8 (727) 3378018
Кеңсенің факсі: 8 (727) 3378028