Университет тарихы 1998 жылдан басталады. Университет Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалы ретінде қызметін бастаған.
2007 жылғы жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру және нығайту процесіне байланысты қаланың екі университетінің- Семей қаласының заң инстиуты мен М.О.Әуезов атындағы университеттің бірігуі орын алды.
2009 жылғы 6 ақпаннан бастап білім беру мекемесінің атауы «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» деп өзгертілді.
Университет миссиясы: аймақтың индустриалды-инновациялық дамуын көздейтін әртүрлі бағыттағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
Болжау: Қоғамның өзгерісте болатын қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған аймақтық университет.
Университеттің стратегиялық дамуының басты мақсаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы интеграция жағдайында жұмыс атқара алатын бәсекеге қабілетті мамандарын кешенді даярлау болып табылады.
Байланыстар:
071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11 үй
Электрондық пошта: semey@kazguiu.kz
Кеңсе: +7(7222)321396
Кеңсенің факсі: +7(7222)321396