Конкурс сипаттамасы

Жаңа платформаға атау ойлап тап – 100 000 теңге ұтып ал!

«Тalimger» жобасы Kundelik білім беру платформасымен бірге кәсіпкерлік, болашақ дағдылары және саналы кәсіби таңдау бойынша материалдар жинақталған жаңа цифрлық платформаны әзірлеуде.

Бұл – мамандықтар әлемін танып, болашаққа керек дағдыларды меңгеріп, кәсіпкерлік ойлауды дамытуға көмектесетін кеңістік болады.

Бірақ бұл платформаның әлі атауы жоқ.

Мүмкін, дәл сен оған керемет ат қоя аласың! 

Сыйлық қоры

100 000 теңге! 

Қатысу ережелері

Не істеу керек?

  1. Қысқа сауалнамадан өт — бұл бар болғаны 2–3 минут уақытыңды алады. Сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfN7SopspL1KX8jZrjv8WnVL0nbrM-F97a1JQsEGrA5wUqYMg/viewform
  2. Сауалнаманың соңында мына сұраққа жауап бер: «Осындай платформаға ең лайықты атау қандай деп ойлайсың?»
  3. Егер сенің нұсқаң ең үздік деп танылса — біз көрсеткен нөмір бойынша хабарласып, 100 000 теңге сыйлығын табыстаймыз.

Қатысу шарттары

Қатысуға Қазақстанның мектеп оқушылары шақырылады.

Жеңімпазды «Talimger» және Kundelik жобасының командасы анықтайды.

Бағалау критерийлері: ерекшелігі, түсініктілігі, болашақ мамандықтармен байланысы және жақсы естілуі.

Бір қатысушы — бір ұсыныс.

Сауалнамаға қатысып, өз атауыңды ұсын — жаңа білім беру платформасының авторы бол.