24.06.2019 | 14:02

Білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.

Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені.

Білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары түсушілер өтініш білдірген нақты білім беру бағдарламалары, тіл бөлімдері мен оқу мерзімі бойынша білім беру бағдарламаларының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін 

  • ұлттық ЖОО-ға түсуге, шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына маусым-шілдедегі ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, 

  • "Педагогикалық ғылымдар", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, 

  • басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша кемінде 60 балл.

  • "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл,

оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша 

  • кемінде 25 балл, 

оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) 

  • ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, 

  • "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, 

  • басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, 

оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша 

  • кемінде 25 балл,

оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);

  • ҰБТ сертификаты;

  • 3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт білім беру бағдарламаларын көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.

Республикалық комиссияның отырысы 21 -31 шілде аралығында өткізіледі.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

32