DAAD шәкіртақылық бағдарламасы
Гумбольдт атындағы Берлин университеті
DAAD (Академиялық алмасулардың неміс қызметі бағдарламасы) бұл — Германияның жоғары оқу орындарын біріктіріп, әлемдегі студенттер мен ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына көмектесетін ірі ұйым.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
— өтінімнің толтырылған бланкісі (http://www.daad.kz/ru/14889/index.html)
— өмірбаян
— уәждеме хат
— оқытушылардан ұсыныс хаттар
— неміс және/немесе ағылшын тілдерін білетіні туралы тілдік сертификат: DSD II, TestDaF, DSH, OnDaF / TOEFL, IELTS
— мектеп аттестатының көшірмесі
— диплом/транскрипт көшірмесі.
Үміткерлер құжаттарын DAAD порталында жүктей алады (https://portal.daad.de/irj/portal DAAD), сондай-ақ өтінімдерді DAAD аймақтық өкілдіктеріне жібере алады: Алматы қ., Иванилов к., 2, ГФР Бас Консулдығы, Мәдениет бөлімі.
Толық ақпаратты daad.kz/ru ресми сайтынан біле аласыз. Сұрақтар бойынша Қазақстандағы DAAD ақпараттық орталығына хабарласыңыз.
Мекен-жайы: Алматы қ., Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин к., 111/113, 18-кеңсе
Байланыс телефоны: 8 727 293 90 35
Chevening шәкіртақылық бағдарламасы
Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі
Chevening Британия үкіметтік шәкіртақысы — Ұлыбританияда білім алудың ең беделді марапаттарының бірі. Шәкіртақы Қазақстанның жас көшбасшыларына арналған.
Chevening бағдарламасының талаптары:
— жоғары білім туралы дипломның болуы
— оқудың таңдалған бағыты бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы
— бағдарлама талаптарына сәйкес ағылшын тілін білу (http://www.chevening.org/apply/guidance#English%20language).
Өтінімдер e-Chevening жүйесі арқылы онлайн режимінде қабылданады (http://www.chevening.org/apply). Құжаттарды пошта арқылы жіберу көзделмеген.
Fulbright шәкіртақылық бағдарламасы
Гарвард университеті
Дәлдік ғылымдар және технологиялар саласындағы Fulbright (Фулбрайт) шәкіртақысы АҚШ-тың ең танымал оқу орындарының бірінде тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Магистратурада білім алуға арналған бағдарлама түлектер мен жас мамандардың АҚШ-та магистр дәрежесін алуына көмектеседі. Шәкіртақы оқуға, жол ақысына, медициналық сақтандыруға, тұруға, оқулықтар сатып алуға жұмсалатын және басқа да ұсақ-түйек шығындарды толығымен өтейді.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
— онлайн режимінде толтырылған сауалнама (https://apply.embark.com/student/fulbright/flta/27/)
— жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған оның қосымшаларының көшірмесі
— оқытушылардан үш ұсыным хат
— TOEFL, GME сертификатының болуы
— түйіндеме
— төлқұжат көшірмесі
Құжаттарды АҚШ Елшілігі қабылдайды. Үміткерлерді бастапқы іріктеуді АҚШ Елшілігі жүзеге асырады. Ары қарай кандидатураны АҚШ-тың тәуелсіз іріктеу комиссиялары қарайды. Сұрақтар бойынша Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне хабарласыңыз.
Мекен-жайы: Қошқарбаев к., 3
Байланыс телефоны: 702 100, 540 914
Эдмунд Маски шәкіртақылық бағдарламасы
Массачусетс технологиялық институты
Бағдарлама жоғары білімді мамандардың АҚШ университеттерінде магистр дәрежесін алуына мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар ашық байқау негізінде іріктеледі.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
— онлайн режимінде толтырылған сауалнама
— үш ұсыным хат және олардың куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы
— жоғары білім туралы дипломның көшірмесі, сондай-ақ шет тіліне аударылған және нотариалды куәландырылған оның қосымшаларының көшірмесі
— TOEFL, IELTS сертификатының болуы
— сынақ кітапшасынан үзіндінің куәландырылған көшірмесі және оның куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы
Өтінімді әкеліп беруге немесе IREX (Айрекс) кеңсесіне поштамен жіберуге болады.
Мекен-жайы: Алматы қ., Жібек Жолы к., 60, 12-кеңсе
Байланыс телефоны: 8 727 273 41 50 немесе қажетті құжаттар жиынтығын irex@freenet.kz мекен-жайына жіберу
Конфуций институтының шәкіртақылары
Пекин университеті
Бүкіл әлемде қытай тілі мен қытай мәдениетін дамыту үшін «Конфуций институтының шәкіртақылары» Қытай университетерінде қытай тілін шет тілі ретінде оқыту саласында магистр дәрежесін алуға, сондай-ақ қытай тілі мен әдебиеті, Қытай тарихы мен философиясы мамандықтары бойынша да оқуға мүмкіндік береді.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
Үміткерлердің сайтқа кіріп, пішінді толтыруы (http://cis.chinese.cn/) және келесі құжаттардың скан-көшірмелерін тіркеуі шарт:
— сауалнама
— төлқұжаттың фотосуреті бар бетінің скан-көшірмесі
— HSK және HSKK сертификаттарының скан-көшірмесі
— дипломның қытай немесе ағылшын тіліндегі аудармасы және соңғы оқу орнынан оқу орны куәландырған үлгерім бланкісі
— профессор немесе доценттен қытай немесе ағылшын тілінде екі ұсыным хат
— магистрлік бағдарламаны аяқтаған соң, кемінде бес жыл шет тілі ретіндегі қытай тілінің оқытушысы болып жұмыс істеуге даярлығы туралы қытай тілінде жазылып, үміткердің қолы қойылған жазбаша растама.
Сұрақтар бойынша Қазақстандағы Қытай Елшілігіне хабарласыңыз.
Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 28
Байланыс телефоны: 793 561, 793 565
Зерттеушілерге арналған Орталық Азия шәкіртақылық бағдарламасы
Бағдарлама өз зерттеулері мен талдамалы машық ауқымын кеңейткісі келетін, сондай-ақ қоғамдық-саяси көшбасшылар болуға ұмтылатын жас кәсіпқой ғалымдарға, саясат саласының сарапшыларына арналған.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
— уәждемелік хат
— берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде жазылған эссе
— түйіндеме бес беттен аспауы тиіс
— Орталық Азия аумағында тұрақты тұратынын растайтын құжат.
Қажетті құжаттар жиынтығын PDF форматында электронды пошта арқылы жіберу қажет: CAFellows@sipri.org
Endeavour Awards шәкіртақылық бағдарламасы
Мельбурн университеті
Оқу мен қызметтегі жоғары нәтижелері мен еңбегі үшін дүние жүзі студенттерін, зерттеушілері мен мамандарын ынталандыруға бағытталған Австралия Үкіметі құрған халықаралық білім беру бағдарламасы.
Қажетті құжаттар жиынтығы:
Байқауға қатысу үшін өтінім пішінін толтыру және келесі құжаттарды жіберу шарт:
— жоғары білім туралы дипломның, сондай-ақ ағылшын тіліндегі оның қосымшаларының нотариалды куәландырылған көшірмесі
— оқытушылардан ұсыным хат
— уәждемелік хат
— TOEFL, IELTS сертификаты
— азаматтықты растайтын құжаттың көшірмесі
— қабылдаушы университеттің шақыртуы.
Өтінімдерді Австралия Елшілігі қабылдайды.