16.08.2024 | 18:41

Kundelik.kz жүйесіндегі Әкімшінің оқу жылының басындағы әрекеттері

1-қадам. Жазда кеткен балаларды 2023-2024 оқу жылынан шығару

  • «Мектеп» - «Менің мектебім» бөлімдеріне өтіп, «бұранда кілт» белгішесін басу;
  • «Адамдар» блогындағы «Адамдар тізімін» таңдап, қажетті оқушыны тауып, оның аты-жөнінің қасында орналасқан «қарындаш» белгішесіне басу;
  • «Қарап шығу» қойындысына өтіп, «Мектептен шығару» батырмасын басу;
  • «Нақты» типін таңдап, қажетті өрістерді толтыру керек;
  • «Иә, шығару!» батырмасын басу қажет.

2-қадам. 9 және 11 сыныптарды аттестаттары туралы ақпаратты толтырып, шығару

  • «Сыныптар» бөліміне өтіп, қажетті 9 және 11 сыныптарды таңдап;
  • «Қарап шығу» қойындысына өтіп, «Бітіргізіп шығару» батырмасын таңдау (сынып баптауларында «Түлектер сыныбы» құсбелгісін қосу керек);
  • әр оқушының аттестаттары туралы ақпаратты толтырып, сыныптың шығуын растау қажет.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/6388923443345

3-қадам. Қалған сыныптарды жаңа оқу жылына көшіру

  • «Сыныптар» бөлімінде қажетті сыныпты таңдап;
  • «Қарап шығу» қойындысына өтіп, «2024/2025 оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
  • сыныптың жаңа атауын және параллельді көрсетіп, «Әрі қарай» батырмасын басып, ауыстыруды растау керек.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/360010336497 

4-қадам. 1 (қажет болса 0) және 10 сыныптарды жаңадан құрастыру. 10 сыныпқа 9 сыныптан мұрағатқа жіберілген балаларды қалпына келтіріп отырғызу қажет

  • «Сыныптар» бөлімінде жоғарғы оң жақ бұрыштағы «+» батырмасын басу;
  • қажетті өрістерді толтырып, «Жасау» батырмасын басу;
  • мұрағатқа жіберілген 9 сынып оқушыларын қалпына келтіру үшін «Адамдар» бөліміндегі «Мұрағатқа» өтіп, оқушыларды тауып, оларды 10 сыныпқа қалпына келту қажет.

Толығырақ:

https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/6388661662865 

https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/15261882368785 

5-қадам. Жаңа оқушыларды (+ ата-аналарды) сыныптарға қосу

  • «Адамдар» бөлімінде «Жаңа адам» бөлімін таңдау;
  • жаңа оқушы мен оның ата-аналарының мәліметтерін толтырып, «Жасау» батырмасын басу;
  • барлық жаңа оқушылар үшін осы әрікеттерін қайталау;
  • оқушылар мен ата-аналарды импорттауға болады.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/360010338597

6-қадам. 2024-2025 оқу жылының жаңа есептік кезеңін құрып және оны сынып баптауларында көрсету. 0, 1 және 2-11 сыныптар үшін 3 түрлі есептік кезеңдер құру

  • «Есептік кезеңдер» бөліміне өтіп, «Кезеңді құру» батырмасын басу;
  • әр есептік кезеңнің мәліметтерін төменде көрсетілген күндеріне сәйкес енгізу;
  • сынып баптауларында сыныптарға сәйкес есептік кезеңдерді орнату қажет.

2024-2025 оқу жылының күндері:

  • 1-тоқсан: 01.09.2024 - 26.10.2024
  • 2-тоқсан: 04.11.2024 - 28.12.2024
  • 3-тоқсан: 09.01.2025 - 20.03.2025
  • 4-тоқсан: 01.04.2025 - 25.05.2025

0-1 сыныптар үшін: 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында қосымша демалыс.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/360010427018 

7-қадам. Мектептегі ауысымдарға сәйкес қоңырау кестесін құру

  • «Кесте» бөліміне өтіп, «Қоңыраулар» бөлімін таңдау;
  • жаңа қоңырау кестесін құру үшін жоғарғы оң жағында «+» белгішесін басу;
  • әр ауысым мен әр сабақ үшін атаулар мен уақыт интервалдарын енгізіп, «Сақтау» батырмасын басу керек.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/6388378389393 

8-қадам. Әр сыныпқа сабақ кестесін құру

  • «Кесте» бөлімінде «Сабақтар» бөлімін таңдау;
  • сыныпты таңдап, «Сабақтар түрлендіргішке» басу;
  • кесте сұлбасын құрып, ұяшықтарды сабақтармен, мұғалімдермен және пәндермен толтыру;
  • кестені таңдалған есептік кезеңге жариялау қажет.

Толығырақ: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/articles/4413110133265 

Осы қадамдарды орындау арқылы әкімшілер жаңа оқу жылының басында оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз ете алады.

Жаңа оқу жылын ұйымдастыру туралы ақпаратты «Әдістемелік-нұсқаулық хатта» (сілтеме бойынша өтіп:https://uba.edu.kz/qaz/metodology/2) қараңыз.

1. Қала / облыс / аудан бойынша вебинар өткізуді сұрау үшін не істеу керек? 

«Күнделік» компаниясының ережелеріне сәйкес вебинарлар тек аудан, қала немесе облыстың сұранысы бойынша өткізіледі. Вебинарды ұйымдастыру үшін қалалық (аудан/облыс) Білім басқарманың немесе Білім бөлімінің өкілі болып табылатын маман ресми сұраныс жолдауы қажет.

Сұраныс хат еркін нысанда рәсімделіп, «Күнделік» компаниясының атына жазылып, team@kundelik.kz электрондық поштасына жіберіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Вебинарлар тек бүкіл облыс / қала мектептері үшін өткізіледі. Жеке вебинарлар, ресми хатсыз өткізілмейді.

2. Вебинарларды өткізуді сұрау үшін кімге және қалай хабарласуға болады?

Сонымен қатар, WhatsApp арқылы байланысып, вебинар өткізуге сұраныс жіберуге болады.

3. Вебинарлар қандай тақырыптар бойынша өтеді?

Вебинарлардың тақырыптары тыңдаушыларға байланысты болады.

Жаңа мектептер үшін жүйені пайдалану және жүргізу бойынша оқыту вебинарлары ұйымдастырылады.

Жүйемен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан мектептер үшін компанияның жаңа функциялары, мүмкіндіктері және өнімдері туралы вебинарлар өткізіледі.

204