Ата-ана баласының орналасқан жерін көру үшін, келесі қадамдарды орындау қажет:
«Күнделік.Трекер» қосымшасын іске қосу үшін:
- ата-ана құрылғысында «Күнделік.Мектеп» қосымшасын ашып, картаның үстіне басу;
- кодтың оң жағындағы көшіру белгішесін басу арқылы ата-ана қосымшасынан кодты көшіру;
- баланың құрылғысында «Күнделік.Трекер» қосымшасын ашу;
- «Күнделік.Мектеп» қосымшасынан белсендіру кодын енгізіп, «Кодты белсендіру» түймесіне басу.
Содан соң, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін, қосымшаның орналасқан жеріне қатынасын қамтамасыз ету қажет:
- Android үшін «Рұқсат ету» таңдау;
- iOS үшін «Әрқашан рұқсат ету» таңдау (iOS-тың жаңа нұсқаларында, екінші қадамында «Қолданбаны пайдалану кезінде» таңдау қажет).
«Күнделік.Трекер» қосымшасының параметрлерін жөндегеннен кейін, ата-ана «Күнделік.Мектеп» қосымшасында өз құрылғысында баласының орналасқан жері туралы ақпаратты көре алады.