19.08.2024 | 12:22

Ата-ана баласының орналасқан жерін көру үшін, келесі қадамдарды орындау қажет:

  • ата-аналарға мобильді құрылғыға «Күнделік.Мектеп» қосымшасын орнату (App Store / Google Play);
  • оқушыға мобильді құрылғысына «Күнделік.Трекер» қосымшасын орнату (App Store / Google Play).

«Күнделік.Трекер» қосымшасын іске қосу үшін:

  • ата-ана құрылғысында «Күнделік.Мектеп» қосымшасын ашып, картаның үстіне басу;
  • кодтың оң жағындағы көшіру белгішесін басу арқылы ата-ана қосымшасынан кодты көшіру;
  • баланың құрылғысында «Күнделік.Трекер» қосымшасын ашу;
  • «Күнделік.Мектеп» қосымшасынан белсендіру кодын енгізіп, «Кодты белсендіру» түймесіне басу.

Содан соң, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін, қосымшаның орналасқан жеріне қатынасын қамтамасыз ету қажет:

  • Android үшін «Рұқсат ету» таңдау;
  • iOS үшін «Әрқашан рұқсат ету» таңдау (iOS-тың жаңа нұсқаларында, екінші қадамында «Қолданбаны пайдалану кезінде» таңдау қажет).

«Күнделік.Трекер» қосымшасының параметрлерін жөндегеннен кейін, ата-ана «Күнделік.Мектеп» қосымшасында өз құрылғысында баласының орналасқан жері туралы ақпаратты көре алады.

322