Ekitap.kz серіктесімен енді Kundelik.kz сайтында Ekitap.kz сайтынан тапсырмаларды «Күнтізбелік жоспарлау» арқылы қосуға болады.

Ekitap.kz платформасы – бұл цифрлық мектеп оқулықтары бар қосымша.

Функционалдылық тек Ekitap.kz платформасына қосылған мектептер үшін қолжетімді.

  • Егер «Күнтізбелік жоспарлау» бөлімінде Ekitap.kz белгішесі қызметтер тізімінде көрсетілмесе, мектеп қызметке қосылмаған дегенді білдіреді. Қызметке қосылу Ekitap.kz серіктесі тарапынан, мектеп басшылығы арқылы жүзеге асады.
  • Ekitap.kz қызметі қолжетімді болса, мектеп функционалдылыққа қосылған және тапсырмаларды «Күнтізбелік жоспарлауға» қоса алады.

Ekitap.kz платформасынан үй тапсырмасының мәтініне тапсырма сілтемесін немесе оқу материалын қосу үшін:

  • «Күнтізбелік жоспарлауға» өту;
  • қажетті параметрлерді таңдау: мұғалімнің аты-жөні, сынып, пән;
  • «Қарау» батырмасын басу;
  • Ekitap.kz қызметі арқылы бергіңіз келетін ҮТ жанындағы «Онлайн тапсырманы таңдау» батырмасын басу;
  • тізімінен «Ekitap.kz» таңдау.

https://ekitap.kz/ сайты ашылады, онда «Ekitap.kz» қызметінің пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу қажет (шартқа қол қою кезінде мектепке беріледі).

Назар аударыңыз! «Ekitap.kz» пайдаланушы аты арқылы авторизация тек қызметті бірінші рет пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Болашақта тек «Күнделік арқылы кіру» батырмасын пайдалануға болады.

Келесі қойындылары бар беті ашылады:

«Оқушылар» қойындысында сыныптарды құрып, оқушыларды сол жерге отырғызу мүмкіндігі бар. Мұны қалай жасау керектігі туралы қосымша ақпаратты бейне нұсқаулықта танысуға болады.

«Оқулықтар» қойындысына өтіп, ашылған оқулықтар тізімінде сүзгілерді қолдана отырып: тіл, сынып және пәнді таңдауға болады.