Kundelik.kz және «iU test» жүйелерінің арасындағы ынтымақтастығы оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру рәсіміне ойын түрінде оқыту тестілері арқылы дайындалуға бірегей мүмкіндік береді.

Тестілеуге өту үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • kundelik.kz сайтына кіру;
  • көк таспада «Мектеп» -> «Күнделік» қойындысына өту;
  • «iU test (ҰБТ тренажеры Аю тест)» батырмасын басу қажет.

https://iutest.kz/ сайты ашылады, онда «Кіру» батырмасын басқан кезде «Kundelik арқылы кіру» нұсқасын таңдау керек. Kundelik.kz жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдалана отырып, «iU test» жүйесіне кіруге болады.

Тіркелу үшін жүйе пайдаланушыға 1000 iU-coins береді, кейін оны жинақтап қосымша жаңа тиындарды тауып, сосын оларды сыйлықтарға айырбастауға болады.