КИМЭП Құқық мектебіне грантпен түсу мүмкіндігі: 2026 жылғы Ұлттық пікірсайыс турниріне командаңызды тіркеңіз.
КИМЭП Университетінің Құқық мектебі Қазақстанның мектептері мен колледждерінің бітіруші сынып оқушыларын 2026 жылғы Ұлттық гранд пікірсайыс турнирі мен стипендиялық байқауына қатысуға шақырады.
📍 Алматы қаласы
📅 2026 жылғы 28-29 наурыз
🎓 КИМЭП Құқық мектебіне 100%-ға дейінгі стипендиялар
Турнир ағылшын тілінде өтетін парламенттік пікірсайыс форматында ұйымдастырылады және Құқық мектебінің зияткерлік олимпиадасы болып табылады. Жеңімпаздар мен үздік спикерлерге КИМЭП Құқық мектебінің бакалавриат бағдарламасына гранттар тағайындалады.
👉 Қатысу үшін екі адамнан тұратын команданы тіркеу қажет.
Турнирдің жұмыс тілі — ағылшын тілі (B2 деңгейінен төмен емес).
🗓 Командаларды тіркеу 2026 жылғы 15 ақпанға дейін жүргізіледі.
Командаңызды тіркеу сілтемесі -https://www2.kimep.kz/anon/events/DebateTeamRegistration?utm_source=kundelik
📩 Қосымша ақпарат: lsdebate@kimep.kz