ҚР ҰБ курстары, 09.11.2024
RUB 5.05 (+0.02)
EUR 529.97 (+0.59)
USD 491.71 (-0.51)

Балаларға арналған GPS бақылау сағаттары

GPS-трекері орнатылған балаларға арналған жеке сағаттар жақын арада қазақстандық нарыққа да шығуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен IoT World Summit Eurasia саммитте Allterco компаниясының Батыс Еуропадағы өңірлік менеджері Атанас Маринов айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Қазір Қазақстандағы белгілі ұялы байланыс операторлардың бірімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келісімге қол жеткізген соң біздің сағаттар қазақстандық нарыққа шығады", – деді Атанас Маринов.

Саммитте сағаттың екі түрі болды: 11 жастан кіші екі батырмасы бар және 11 жастан үлкен балаларға арналған шағын сенсорлық экраны бар сағаттар. Атанас Мариновтың сөзіне қарағанда, мұндай сағаттардың иелерін Android пен IOS жүйелері үшін қолжетімді арнайы мобильдік қосымша арқылы бақылауға болады.

"Олар пайдалану тұрғысынан оғай. Балаңыз болуы тиіс орынды, мәселен, мектеп немесе үй ауласын, орнатасыз. Бала бұл аумақтан шыққанда сіздің телефоныңызға объект белгіленген орыннан шыққаны туралы хабар келеді. Жаңа модельді сағаттарға қоңырау шалуға болады ", – деп атап өтті ол.

Сағатты құрастырушылардың пікірінше, оның құны Еуропа елдеріндегідей 5 еуродан аспайды.

"Еуропаның оннан астам елінде осындай сағаттарды 5 еуродан сатамыз. Сағат дұрыс жұмыс істеп, орын туралы нақты ақпаратты беруі үшін сатып алушымен сағатқа техникалық қызмет көрсету бойынша келісімге қол қойылады. Оның құны жылына шамамен 50 еуро болады ", – деп атап өтті Атанас Маринов.