ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Жаңа жатақханалар салуға 150 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Қазақстанда 2022 жылға дейін жалпы сомасы 152 млрд теңгеге студенттер үшін жаңа жатақхана салынады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің отбасы және жастар істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың ақпараты бойынша, 124 университетте 540 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 40%-ы жатақханаға мұқтаж.

«Бүгінгі таңда 251 жатақхана қолжетімді, онда 82 мыңнан астам студент тұрады. Сонымен қатар, 769 колледжде 230 мыңға жуық оқушы оқиды, оның ішінде 46 мыңнан астам студент 439 жатақханада тұрады. Бұл мақсатқа 2022 жылға дейін, білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, 152 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Биылғы жылы бізде 9,6 мың орындық 29 жатақхана, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстарында салу жоспарланған»,-деді Шахмардан Байманов.

Сондай-ақ, ол Жастар жылы аясында ҚР АжҚДМ және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы «Студенттер үйі 2.0″жобасын іске қосқанын хабарлады.

«Жобаның басты мақсаты тұрғын үймен байланысты мәселелерді анықтау болып табылады. Біз қыркүйек айында, ауылдардан балалар келгенде, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жатақханаларын жергілікті жерлерде бөлу кезінде олардың жатақханадан орын алуын қадағалағанын қалаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған жүйе бар, және осы жүйе бойынша біз одан әрі жылжуды жоспарлап отырмыз», — деп түсіндірді Шахмардан Байманов.