ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целинаград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.

2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз "Бiрiккен Еуропа" мәртебелi халықаралық медальіне лайық деп танылды. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд) Халықаралық наградасына ие болды.

2010 жылы QS World Universities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша қазақстандық ЖОО арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012 жылы аталмыш рейтингіде 369-шы орынға табан тіреді.

Халықаралық қатынас шетелдік ЖОО-лармен, ғылыми орталықтар және басқа да Еуропалық Одақ, Америка мен Мұхит, Азия және Африка, ТМД елдерінің ұйымдарымен, Қазақстандағы халықаралық ғылым - білім беру қорлары, елшіліктер, өкілдіктермен жасалынған 116 келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған.

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.

Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.

Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты – іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселлерін шешу болып табылады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық , республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Университет факультеттері;

  • Механика-математика факультеті
  • Ақпарттық технологиялар факультеті
  • Сәулет-құрылыс факультеті
  • Жаратылыстану ғылымдар факультеті
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті
  • Заң факультеті
  • Филология факультеті
  • Экономика факультеті
  • Халықаралық қатынастар факультеті
  • Физика-техника факультеті
  • Журналистика және саясаттану факультеті
  • Тарих факультеті
  • Көлік-энергетика факультеті
  • Әскери кафедра

Байланыстар:

Нұр-Сұлтан қ.,   Сәтпаев көшесі, 2а 

Электрондық пошта: enu@enu.kz

Кеңсе: 8 (7172) 70-94-82

Кеңсенің факсі:8 (71-72) 70-91-57