ҚР ҰБ курстары, 03.10.2024
RUB 5.12 (-0.02)
EUR 534.74 (+2.49)
USD 483.23 (+3.12)

Қалай тіркелуге болады (оқушы/Ата-ана/қызметкер)?

«Күнделік» жүйесіне тіркелу үшін сізге қажет:

  • жалпы білім беру ұйымының қызметкерлерінен тіркеу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу қажет;

Ата-аналар мен оқушылар жүйеге тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге, яғни білім беру ұйымының Әкімшісіне хабарласуы керек. Егер әкімші туралы ақпарат болмаса, сынып жетекшісімен байланыса аласыз.

Қызметкерлер тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымының Әкімшісімен байланысуы керек. Білім беру ұйымының әкімшілері туралы ақпаратты директордан алуға болады.

  • https://kundelik.kz/ сайтына мына мекенжай арқылы өтіңіз:
  • «Кіру» батырмасын басыңыз;

  • алынған пайдаланушы аты мен құпиясөзді тиісті өрістерге енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз;

  • ашылған тіркеу парақшасында жеке мәліметтерді тексеру қажет. «Келесі» батырмасын басыңыз;

Ескерту: егер жеке деректердегі қате табылса, профильді өңдеу үшін білім беру ұйымымен хабарласыңыз. 

  • «Қауіпсіздік параметрлері»: электрондық поштаны (міндетті) толтырыңыз. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет;

Ескерту: тіркелу кезінде өзіңіздің жарамды және қолжетімді электрондық поштаны көрсетуіңіз керек.

  • талаптарға сай келетін жаңа құпиясөзді енгізіңіз;

  • сайтқа бірінші кіргеннен кейін, жүйе уақытша (тіркеу) құпиясөзін тұрақты күйге келтіруді ұсынады. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, жеке профиль параметрлерінде бір рет өзгертуге болады.

Қауіпсіздік мақсатында басқа адамдардың немесе жалпыға ортақ электрондық пошта мекен-жайларын қалдыру ұсынылмайды және сіз күрделі құпия сөздерді енгізуіңіз керек.