ҚР ҰБ курстары, 06.10.2024
RUB 5.07 (0.00)
EUR 531.33 (0.00)
USD 481.84 (0.00)

Кесте, ҮТ және бағаларды қалай көруге болады?

Оқу процессініне қатысты ақпаратты қарап шығу үшін, парақшаның жоғарғы жағында көк түсті навигациялық жолақта:

  • Оқушыға «Мектеп» бөлімін таңдау.
  • Ата-аналарға «Балалар» бөлімін таңдау. «Балалар» бөліміне өткеннен кейін, Ата-ана өзінің профилімен байланысқан барлық мектеп білім алушыларын көре алады. Ары қарай оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты осы рөлдер арқылы көруге болады. Осы екі рөлдерде ақпаратты тексеру саласында еш айырмашылығы болмайды.

Бағалар / қатысу туралы белгілер

Бағаларды көру келесі бөлімде қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Күнделік» (білім алушының профилінде);
  • «Балалар» / «Күнделік» (Ата-ананың профилінде).


«Күнделік» сілтемесі бойынша бар:

  • ағымдағы үлгерімі бойынша ақпарат (сабақтар туралы ақпарат, ҮТ және бағалар әдепкі түрде ағымдағы апта бойынша);
  • статистика (ағымдағы есептік кезең бойынша, оқыған пәндер бойынша бағалар саны және оң жақтағы бағалардың пайызы);
  • пәндер бойынша (таңдаған есептік кезең және пән бойынша бағалар туралы ақпарат);
  • тоқсандар бойынша (ағымдағы есептік кезең бойынша, пәндер және бағалар туралы жиынтық ақпарат);
  • қорытынды (ағымдағы кезең бойынша барлық қорытынды бағалар туралы жиынтық ақпарат).

Ескерту: косымша сабаққа қатысу туралы белгілер:

  • «Ж» - дәлелсіз (белгісіз) себеппен сабаққа қатыспауы;
  • «Д» - ділелді себеппен сабаққа қатыспауы;
  • «А» - ауру себебімен сабаққа қатыспауы;
  • «К» - сабаққа кешігіп келгендігін білдіреді.

«Күнделік» бөлімінде қосымша сабаққа қарама-қарсы үй тапсырмаларды көруге болады. Үй тапсырмасының толық сипаттамасын көру үшін, кестенің ішіндегі ҮТ-нің үстіне басу қажет.


Үй тапсырмалар

Үй тапсырмалар келесі бөлімде қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Ү/т» (білім алушының профилінде);
  • «Балалар» / «Ү/т» (Ата-аналардың профилінде).

Үй тапсырмаларды қарап шығу үшін таңдау қажет:

  • оқу жылы;
  • пән (қосымша түрде «барлығы» деген параметрді таңдап, іздеу параметрлерін қанағаттандыратын барлық ҮТ-ды қарап шығуға болады);
  • орындау мерзімі.


«Көрсету» батырмасын басқаннан кейін, іздеу параметрлерін қанағаттандыратын барлық ҮТ көрінеді, келесі ақпаратпен:

  • берілген тапсырмасының қысқаша сипаттамасы;
  • пән;
  • білім алушының білім беру ұйымының атауы;
  • тапсырма берілген күні мен сабақтың нөмірі;
  • тапсырманың соңғы жаңарту күні;
  • тапсырманың орындалу мәртебесі.


Үй тапсырмасының парақшасына өту үшін тышқанның тінтуірімен ҮТ-нің атауына басу қажет. Үй тапсырмасының парақшасында, тапсырма туралы толық мәлімет және файл, егер мұғалім ҮТ-на файлды қосса.

Ескерту:егер мұғалім ҮТ берген кезде, «Нәтижелері бар файл қажет» параметрін орнатса, онда оқушыларда файлды қосу мүмкіндігі пайда болады.

Үй тапсырмалардың келесі түрлері бар:

  • «Берілді» - мұғалім ҮТ берді;
  • «Бас тартылды» - мұғалім ҮТ беруден бас тартты;
  • «Жұмыста» - оқушы ҮТ ашты;
  • «Тексеруде» - оқушы ҮТ тексеруге жіберді;
  • «Түзетілуде» - мұғалім ҮТ-ні қосымша жұмысқа қайтарды;
  • «Орындалды» - ҮТ сәтті орындалды.

Сабақтардың кестесі

Білім алушының кестесі қолжетімді:

  • «Мектеп» / «Кесте» (білі алушының профилінде);
  • «Балалар» / «Кесте» (Ата-аналардың профилінде).


«Кесте» бөлімінде «солға» / «оңға» көрсеткіштері арқылы, оқу аптасын ауыстыруға мүмкіндік бар.

Қоңыраулар кестесі

«Қоңыраулар бөлімінде» таңдалған оқушы бойынша ағымдағы қоңырау кестесін көруге болады.


Кесте, ҮТ және бағаларды қалай көруге болады.pdf