ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Қызметкерлерге арналған «Күнделік.Мұғалім» жүйесінің мобильді нұсқасы

Білім беру мекемелерінің қызметкерлері енді жүйенің мобильді нұсқасы «Күнделік.Мұғалім»-ді қолдана алады. Бұл мобильді нұсқа тек Андройд пайдаланушыларына арналған.

Мобильді нұсқаның көмегімен, күнделікті бағаларды қойып отыруға, оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеуге,  үй тапсырмаларын беруге болады

Бір күндік сабақ кестесі

«Күн» қойындысында таңдалған күннің сабақтар тізімі, сыныптар, сабақ тақырыптары мен кабинеттер көрсетілген. Нақты сабаққа басу арқылы, сабақ парақшасына өту мүмкіндігі бар.


Ескерту: маңызды сабақтар өтетін күндер нүкте белгісімен белгіленген. Қызыл нүкте – өткен маңызды сабаққа баға қою қажеттілігінің белгісі.

Маңызды болып есептелінетін сабақ түрлері:

  • өзіндік жұмыс;
  • бақылау жұмысы;
  • шығарма;
  • диктант;
  • бақылау диктанты;
  • тест;
  • сынақ;
  • тәжірибелік жұмыс;
  • математикалық диктант;
  • мазмұндау;
  • сөздік диктант;
  • өзін-өзі тектеру жұмысы;
  • мазмұндама;
  • сурет бойынша шығарма.

Бір айлық күнтізбе

«Ай» қойындысын басу арқылы, маңызды сабақтары белгіленген ағымдағы ай ашылады. Қызғылт сары түспен ағымдағы күн белгіленген. «Күнді» басса, сол күннің кестесі ашылады. Күнтізбені ағымдағы оқу жылының соңына және оқу жылының басына дейін парақтап ашуға болады.


Сабақ парақшасы

Сабақ парақшасына «Күн» қойындысындағы сабаққа басу арқылы өтуге болады. Бұл бөлімде сабақтың тақырыбы, сабақ бойынша ақпараттар және жұмыс түрлері көрсетілген.

Бұл бетте мұғалім бағаны және белгіні қойып, өшіре алады, таңдалған немесі келесі сабаққа үй тапсырмасын бере алады.

Сабаққа қатысу белгісін қою үшін, қажетті оқушыны басып, «Қатысу» қойындысын таңдап, белгіге басу қажет.

Бағаны қою үшін, қажетті оқушыны басып, жұмыс түрін таңдап, қажетті бағаға басу қажет. «n/n»  батырмасына басқанда, екі баға қою мүмкіндігі ашылады.


Қойылған бағаны/белгіні өшіру үшін, оқушыны таңдап, ашылған жолда «Бағаны жою» батырмасын басу қажет.

Назар аударыңыз: жиынтық бағалауының бағаларын (ТЖБ және БЖБ) «Күнделік» жүйесінің толық нұсқасында ғана қоюға болады. Сайттың мобильді нұсқасынан толық нұсқасына көшу үшін мобильді браузер жолында  https://kundelik.kz мекенжайын енгізіңіз.

Параметрлер

Параметрлерге өту үшін, парақшаның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «параметрлер» белгісіне басу қажет.

Бұл қойындыда, келесі іс-әрекеттерді атқаруға болады:

  • басқа білім беру мекемесіне өтуге (егер мұғалім бірнеше мектепте болса);
  • оқушылардың ТАӘ бейнелеу форматын өзгертуге;
  • тілді ауыстыруға;
  • профилден шығуға.