ҚР ҰБ курстары, 16.04.2024
RUB 4.79 (0.00)
EUR 478.03 (+1.25)
USD 448.56 (+0.67)

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің негізгі мақсаты ғылым мен өндірістің интеграциялануы, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-техникалық жобаларды орындай отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау екендігі белгілі болып отыр.

Университет өз ресурстарын шоғырландыруды іске асыра отырып,  білім беру, ғылым, қарастырылып отырған саладағы еліміздің бәсекелестік қабілеттілігінің дамуына  әсер ететін аграрлық индустриалдық дамудың инновациялық ортасының өзара пісе қайнаған орталығына айналды.
Бүгінде университет осы бағыттарда нақты қадамдар жасады. Университет өз ресурстарын шоғырландыруды іске асыра отырып,  білім беру, ғылым, қарастырылып отырған саладағы еліміздің бәсекелестік қабілеттілігінің дамуына  әсер ететін аграрлық индустриалдық дамудың инновациялық ортасының өзара пісе қайнаған орталығына айналды.

Университет базасында құрылған Фермерлердің жоғары мектебі еліміздің агроөнеркәсіптік кешендерінің шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері үшін Экстеншн халықаралық моделі бойынша білім беру және консалтингтік қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда университеттің студент-жастары арасында қомақты жұмыстар өткізілуде. Үздік студенттер республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларда жүлделі орындарды иеленуде.

Оқу орнының спортсмен студенттері спорт­тан өткен халықаралық  жарыстарда олимпиадалық медальдардың иегерлері мен жүлдегерлері атанып жүр. Бұл барлық ұжымның зор еңбегі. Мен де Қазақ ұлттық аграрлық университетінің түлегімін. Өмірімнің маңызды кезеңдері қоғамдық, еңбек пен ғылыми жетістіктегі жемісті белестерім туған университетіммен тығыз байланысты болды.

Біздің университеттің басты басымдылықтары -  жоғары  білімді де білікті мамандар даярлау және өз Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеу.

Университет факультеттері:

  • Агробиология
  • Технология және биоресурстар
  • Ветеринариялық медицина
  • Орман, жер және фитосанитария
  • Гидротехника, жерді жақсарту және бизнес
  • АТ-технологиялар, агроөнеркәсіп кешенін автоматтандыру және механикаландыру
  • Үштілді оқыту факультеті
  • Әскери кафедра

Байланыстар: 

050010,  Алматы қ.,   Абай көшесі, 8

Электрондық пошта: info@kaznau.kz

Кеңсе: 8 (727) 262-11-08

Кеңсенің  факсі: 8 (727) 262-11-08