ҚР ҰБ курстары, 30.10.2020
RUB 5.45 (-0.06)
EUR 506.79 (+1.07)
USD 432.23 (+1.72)

Word файлды қалай кішірейтуге болады (PDF жасау)

Суреттерге бола Word файлы 2 Мб жиі артық болады. Бұл дегеніміз, осы файлды мұғалімге Kundelik.kz арқылы жіберу мүмкін емес. Файл өлшемін азайту үшін оны PDF пішімінде сақтауға болады – бұл файлды өңдеуге болмайды, бірақ ол аз орын алады.

Егер файлды өзгерту керек болатын болса (мысалы, оқушылар өз жауаптарын осы файлға тікелей енгізетін болады), онда осы файлдағы әрбір суреттің өлшемін азайтыңыз. Біздің порталда суретті азайту нұсқаулығы бар.


Мәселен, бізде Word файл бар. Ішіндегі суреттерге бола оның көлемі 3,09 Мб (осы файлды қалай кішірейту қажет екенін көрейік).



1. Осы файлды Word бағдарламасында ашып, "Файл" таңдаңыз.



2. Ашылған мәзірден "Сохранить как" тармағын таңдаңыз.



3. Файлды сақтайтын қалтаны (папканы) таңдаңыз.



4. Ашылған терезеде "Тип файла" өрісінде "PDF" таңдап, файл атауын еңгізу (немесе ұсынылғандай қалдыру) керек, кейін "Сохранить" батырмасын басыңыз.



5. Сіздің файлыңыз PDF түрінде сақталған.



6. Көріп отырғаныңыздай, 3 Мб-тан астам көлемдегі файл 5 есе 0,6 Мб-қа (616 Кб) дейін азайды. Енді оны Kundelik жүйесіне жүктеуге болады.



Ескерту: Бұл нұсқаулық Windows 10 және Word 2013 операциялық жүйесінде орындалған. Басқа Windows операциялық жүйелері мен Word бағдарламасының нұсқалары сыртқы жағынан ерекшеленеді, бірақ шын мәнінде бірдей. Сізге "Файл" - "Сохранить как" тізбегінен өтіп, "PDF" нұсқасын таңдау керек.