ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Аудиожазбаларды тыңдау неге бізді ашуландырады?


21 ғасыр-ерекше уақыт. Бір-бірімізбен хабар алмасу үшін біз онлайнның көмегіне жиі жүгінеміз. Түрлі мессенджерлер, әлеуметтік желілерді қолданамыз. Бірақ әрқашан мына нәрсе түсінікті емес:  аудиожазбаларды кімге және қашан жіберемін? Аудиохат арқылы кіммен және қалай сөйлесу керек? Жұмыс уақытынан тыс хат жазу қаншалықты әдепсіз әрекет? 

Әрине мұнда қатқан қағида жоқ. Сондықтан біз тек этика тұрғысынан ғана тақырыпты тарқатуға тырысамыз. Сіз де өз нұсқаңызды қалдырыңыз!

Аудиохабарламалар 

Коммунакацияның бұл түрі жиі сынға ұшырайды. Бірі аудио уақытты үнемдейді, ойыңды түсіндіру де оңай десе, екіншілерінде тыңдауға мүмкіндік бола бермейді. Ал кейбірі тек жазбаша хат алмасуды құп көреді. 

Аудиожазба жазарда мән беріңіз:

Айтатын хабарламаның мазмұнына. Егер жұмыс бабымен хабарлама жазсаңыз, мәтін түрін қолданған абзал. Бұл есте сақтауға да, хабарламалар арасынан тауып алуға да ыңғайлы. 

Сөйлегеніңізге мән беріңіз:

3 минуттық аудиожазбаның 2 минуты «ммм» , «ааа-ға» толы болса, бұл тыңдаушыны қуандыра қоймас. Қайта ашуына тиеді. Өкініштісі сол, барлығы бірдей, айтпақ ойын «қысқа да нұсқа» жеткізе алмайды. 

Жан-жағыңыздағы дыбыстарға мән беріңіз:

Егер қасыңызда балалар жылып жатса, көліктер сигнал беріп жатса, қатты жел соғып жатса...Өзіңізде түсініп тұрған  боларсың. 

Телефон қоңыраулары. 

Бұл дәстүрлі коммуникация түрі. Тіпті талқылау да ерсі көрінер. Бірақ кейбір адамдар қоңырау шалғаннан гөрі, хат жазуда жөн көреді. Себебі олардың ойынша, сіз телефон шалып, оның жеке шекараларына бөгет қоясыз. Сондықтан қоңырау шалуға асықпаңыз. Хат жазыңыз, мүмкін жауап беріп қалар. 


Аудиохабарлама жазуды неге көп қолданушы құп көрмейді?

1. Біреудің уақыты мен жұмыс өнімділігін құрметтемеу. Мәтін түріндегі хабарлама аз уақыт алады, себебі оқу-адамның жылдамдығына байланысты. Және осылайша, адаммәліметтің тақырыбын, өзектілін тез ұғынады.

2. Сіздің аудиохабарламаңыз басқа адамның ойын бөледі. Ойы бөлінген адамның қайта тапсырмаға кірісуі үшін, кемінде 10-20 минут қажет. Аудиохабарлама арқылы өз өміріңіздің 10 секундын үнемдеймін деп, өзгенің 10 секундын тәрк етесіз. 

3. Керек нәрсені уақыты таба алмау. Мәтіндік хабарламадағыдай іздеу функциясы жоқ мұнда. 

4. Сізге келген аудиохабарламаның тек керек жерін басқа қолданушыға жібере алмайсыз. Не барлық аудиохатты жіберу керек не болмаса қайта жазу керек.

5. Келесі адамның жағдайын ескеру маңызды. Ол жұмыста не болмаса жиналыста болса, құлаққабы болмаса-тыңдау мүмкіндігі қиындайды.


Аудиохабарлама жіберу қолданушылардың бір-бірімен байланыс деңгейіне қатысты. Егер жақын достар яки бір отбасы мүшелері болса құба-құп. Ал жұмыс бабымен аудиохабарлама жазарда тағы ойланыңыз.