ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Барлық дертке дауа дәрі-Сыни Ойлау


Постқа демеуші: "С.О®️ форте" таблеткасы🔥
(С.О-сыни ойлау)

❓"Не жеп пысық болады?"😉

-Кейбір тұжырымдар бізді адастырып әкететінін Сіз білуіңіз керек.
Қарапайым мысал:
Еркектердің бәрі-адам.
Әйелдер-еркек емес. Демек, әйелдер адам емес!
Шындығында сыни ойлау-көп мәселенің шешімін оңай табады. Әсте ол тек "басы барлардың" ғана ермегі емес.

❓"Инстаграмда жазып қойыпты ғой, сол рас па?"
Біржақты емес рационалды әрі сыни ойлау маңызды👆🏻 Олай болмаса жалған, күдікті, тексерілмеген ақпараттың астында қалып, ағынында кете барамыз.

❓"Қойшы, жұмыс табылады! "

Иә, бірақ ерекше, сыни, креативті көзқарасыңыз болса ғана, кез келген салада керексіз! Бүгінгінің шындығы, ақ-қара өмірдегіден әлдеқайда өзгеше. Тек " 4Cs" тұжырымына сәйкес келетін қасиеттерге ие болғандарға "жұмыс табылады". Олар:
Critical Thinking (сыниойлау)
Creative (креативтілік)
Communication
Collaboration (командаменжұмысістеу)!

❓"Маркетолог lvl:80" немесе жиі "алданасыз" ба?

Тез бірақ дұрыс шешім қабылдау-қиын соға ма?
Демек сізге манипуляция жасау өте оңай. Сіз пәленше пайыздық акцияға, мессенджерге келген "ақылы анкетаға" бола асығыс шешім қабылдайсыз. Сәйкесінше, орынсыз шығынға ұшырап, керексіз тауарды сатып аласыз. Сақ болыңыз, С.О®️ фортенің бір таблеткасын ішіңіз!

❓"Ем-шара" курсы қалай жалғасады?
✔️Бағалау. Қандай да бір қорытындыға келмес бұрын, мәселені әр қырынан бағалап көріңіз

✔️Толығырақ...Барлық проблема зерттеуді талап етеді 🕵. Эксперттердің пікірі үшін тікелей байланыс орнату қажет емес. Мұндай да олардың пікірін ұсынатын Google көмектеседі.

✔️Сұрақтар. Онсыз да шешімі жоқ мәселенің жауабын тек өзіңізге қосымша сұрақ қою арқылы ғана табасыз. Сонысымен қызық❤

✔️Күшті, бірақ ең емес! Өзіңіз қатыспаған өзгелер қабылдаған кез келген шешімді өзіңіз сараптап көріңіз. Эмоцияға ерік бермеңіз.