ҚР ҰБ курстары, 21.05.2024
RUB 4.9 (+0.02)
EUR 482.28 (+1.77)
USD 443.72 (+0.28)

М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ерекшелігі – бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. 2012 жылы оқу ордасының құрылғанына 80 жыл толғалы отыр.

Бұл жылдарда университет барлық республика, облыс көлемі бойынша көптеген даңқты есімдерді тізімге енгізді. Университет Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесін зор мақтанышпен айта аламыз.

Университеттің мамандануы көп салалы. Университет құрылымында 53 бакалавриат (күндізгі, сырттай), 24  магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары  бойынша мамандар дайындайды.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамында 20  ғылым докторы, 15 профессор, 163 ғылым кандидаты,  84 доцент, 73 магистр қызмет атқарады.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР-ның ЖОО арасында ең алғаш рет әлемдік білім кеңістігін құруға бағытталған Болон декларациясына қол қойды. Декларацияның принциптерін жүзеге асыра отырып, біздің оқу орнымыз халықаралық мойындауға талпынып және аккредитациялық институттардың, түрлі білім бағдарламаларының аккредитациясынан сүрінбей өтуге тырысуда. Ұлттық Аккредитациялық Орталық кеңесінің 2010 жылдың 30 маусымдағы шешімімен  М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті институталды аккредитациядан сәтті өтіп, бүгінгі таңда халықаралық аккредитациядан өту дайындығында.

Қазіргі таңда білім ордасы Қазақстанның педагогикалық білім саласының бір флагманы болып табылады және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әр салаға талапты, кең бейінді мамандарды дайындау үстінде.

БҚМУ факультеттері:

  • Экономика және басқару факультеті
  • Мәдениет және өнер факультеті
  • Педагогикалық факультеті
  • Филологиялық факультеті
  • Жаратылыстану-математикалық факультеті
  • Тарих және құқық факультеті

Байланыстар:

090000, Орал қ.,  Достық даңғылы, 162

Электрондық пошта: info@wksu.kz, zapkazgu@mail.ru

Кеңсе: тел/факс 8(7112) 51-42-66