ҚР ҰБ курстары, 26.04.2024
RUB 4.82 (+0.02)
EUR 476.38 (+2.08)
USD 444.22 (+0.37)

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 58 мамандық бойынша институциялық бағдарламалы аккредитациядан өтті. Университетте білім алушылар үшін көптеген академиялық және білім беру мүмкіндіктері қарастырылған. Соңғы жылдары университет қызметінің басым бағыттарының бірі – академиялық ұтқырлық. Академиялық ұтқырлық әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға көмектеседі. Университетте бірлескен академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында шет елдік серіктес жоғары оқу орындарымен 21 және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен 26 келісімшарт жасалған.

Университет үшін маңызды міндет – өзіміздің білім беру бағдарламаларымызды еліміздің ішінде  және шет елдерде белсенді тарату болып табылады. Сол арқылы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға келіп оқитын отандық және шет елдік студенттердің санын арттыру басты мақсат етіп қойылып отыр. Сондықтан университет сыртқы ұтқырлыққа айрықша назар аударады, соның нәтижесінде соңғы 5 жылда қазақстандық жоғары оқу орындарынан 115 студент және шет елдік оқу орындарынан 22 (соның ішінде 85-і тәжірибе жүзінде)  студент қабылданды.

Біріккен білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруда шетелдік ғалымдар тартылды. Соңғы 4 жылда Еуропадан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Ресейден, Беларусь пен басқа да елдерден 50-ден астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар шақырылды. Университетте 60-тан астам шетел студенттері мен РФ, Монғолия, Түрікменстан мен Өзбекстандағы қазақ диаспорасының 20-дан астам даярлық курстарының  тыңдаушылары білім алуда.

Аймақтағы шет тілдерін білетін білікті мамандардың қажеттілігін (мұнай-газ секторы) ескере отырып  машина жасау, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы мен экономика мамандықтары бойынша көп тілді білім беретін арнайы бөлімдер ашылды. Көп тілді білім беруді дамыту орталығы құрылды.

Университет факультеттері:

  • Политехникалық факультеті
  • Машина жасау факультеті
  • Экономика және бизнес факультеті
  • Агрономия факультеті
  • Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті

Байланыстар:

090009, Орал қ., ул. Жангир хана, 51

Электрондық пошта: zapkazatu@wkau.kz

Номер факса: 8(7112)50-13-74