ҚР ҰБ курстары, 31.10.2020
RUB 5.47 (+0.02)
EUR 505.02 (-1.77)
USD 432.64 (+0.41)

Критериалды бағалау жүйесі туралы ата-анаға нені білген маңызды?

Критериалды бағалау жүйесі туралы ата-анаға нені білген маңызды?

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 1-СЫНЫПТАР, 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 2,5,7-СЫНЫПТАР, 2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 3,6,8,10-СЫНЫПТАР, 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 4,9,11 СЫНЫПТАР КӨШЕДІ.
Бағалау мектепте критерийлер негізінде жүргізіледі. Бағалау критерийлері сіздің балаңыздың нені білуі және істеуі қажет екенін көрсетеді.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау барысында сіздің балаңызға баға қойылмайды.
Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаңызға қолдау көрсетуіңіз өте маңызды. Бұл оқудағы олқылықтардың алдын алуға және жиынтық бағалауға дайындалуға өз септігін тигізеді.
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:
оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін (бөлім бойынша жиынтық бағалау);
тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).
Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға
ауыстырылып қойылады. Бұл үшін келесі шәкіл қолданылады:
0 %  - Бағаланбады - «1»
1%-20%  - Қанағаттанғысыз  - «2»
21%-50% - Қанағаттанарлық - «3»
51%-80% - Жақсы  - «4»
81%-100% - Өте жақсы - «5»

Тоқсандық баға
Тоқсан барысында тапсырған барлық жиынтық жұмыстарынан жинақталған нақты пайыздық көрсеткіштегі балы. Бөлім бойынша жиынтық жұмысынан алған балдың 50% мен тоқсандық жиынтық жұмысынан алған балдың 50% жинайды.
Жылдық баға үшін шәкілге сәйкес барлық тоқсан бойынша алған балдардың максималды мүмкін балға пайыздық қатынасы алынады.
АТА-АНАҒА НЕНІ ІСТЕГЕН МАҢЫЗДЫ?
• Оқу барысында балаңызға қажетті қолдау көрсету және көмектесу.
• Балаңыздың оқу нәтижелерін қадағалау.
• Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау.
• Мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары, тренингтер, бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу.
Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың барлық жұмыстары арнайы портфолиоға жиналады және онымен мектепте танысуға болады.