ҚР ҰБ курстары, 25.04.2024
RUB 4.8 (+0.04)
EUR 474.3 (+0.97)
USD 443.85 (-0.47)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық келісім негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылы Жарлығымен ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Ахмет Ясауи университеті) — Қазақстандағы ең алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны, түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған, түркі әлемі жастарының басын біріктірген бірінші білім және ғылым ордасы.

Миссия – Түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болу.

Келешек келбет – Әлемдік және ұлттық рейтингте үздік жоғары білім беру ұйымдары қатарындағы университет.

Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор.

Білім беру қызметі бакалавриаттың 54, магистратураның 30, PhD докторантураның 11, резидентураның 3, интернатураның 7 мамандықтары бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық, заң, әлеуметтік, медициналық, техникалық ғылымдар, білім беру, бизнес, қызмет көрсету және өнер бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Университет факультеттері:

  • Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру институты
  • Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті
  • Жаратылыстану
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі
  • Гуманитарлық ғылымдар
  • Инженерия
  • Филология
  • Өнер
  • Медицина
  • Стоматология
  • Дайындық

Байланыстар:

161200    Түркістан қ.,   Б.Саттарханов даңғылы, 29

Электрондық пошта: rector@ayu.edu.kz

Кеңсе: 8 (72533) 6-37-45

Кеңсенің  факсі: 8 (72533) 6-37-45