ҚР ҰБ курстары, 02.05.2024
RUB 4.74 (0.00)
EUR 474.14 (0.00)
USD 442.05 (0.00)

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және әмбебап университеті, облыстың ғылыми және білім беру, зияткерлік және мәдени орталығы.

Университетте 2018-2019 оқу жылында 18145 бакалавриат, оның ішінде 13304 күндізгі, 4180 сырттай, 661 кешкі бөлімде білім алуда. Бакалаврлардың мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны - 6085 студент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 800-ге тарта студент білім алып жатса, оның 600-ге жуығы мемлекеттік білім гранты негізінде, Дайындық курсындағы 170 тыңдаушының 143-і мемлекеттік білім гранты негізінде. Магистратурада білім алушы 1182 магистранттың 1038-і  мемлекеттік білім гранты негізінде, 133 докторанттың 106-сы мемлекеттік білім гранты негізінде білімдерін арттыруда.

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы тиісінше  өз деңгейінде жүзеге асыруға, оның студент жастар арасында мейлінше насихатталуына, БАҚ беттерінде кеңінен жариялануына баса мән беріліп отыр. Шындығында жастарымыздың ұлттық рухын көтеріп, отансүйгіштік қасиеттерін арттыратын, оларды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге сеп болатын бұл ауқымды мемлекеттік бағдарламаның берері көп. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Олардың қатарында «Цифрлы Қазақстан», «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті», «Туған жер», «Жас патриот», «Алтын қор», «Геоақпараттық технология бойынша Қазақстан тарихын оқытудың мультимедиялық бағдарламасын құру», «100 жаңа есім» т.б. жобаларының қолға алынуы мен «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығының ашылуын айрықша атап көрсетуге болады.Университетімізде биылғы жылы ұзын саны 9 кіші жоба жүзеге асырылса, 2018-2020 жылдарға 11 кіші жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Университеттің осындай биік белестерге көтерілуінде оқу орнын әр жылдары басқарған ректорлардың еңбегі ерекше екенін жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқауға болады. Олардың өмір жолы, ғибратты ғұмыры білімді де өрелі жасқа қашанда  үлгі-өнеге болары анық.

Университет факультеттері:

  • Филология факультеті
  • Педагогика және мәдениет факультеті
  • Құрылыс және көлік факультеті
  • Механика және мұнайгаз ісі факультеті
  • Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті
  • Қашықтықтан оқыту институты

Университет жоғары ментептері:

  • "Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық" жоғары мектебі
  • "Ауылшаруашылық ғылымдары" жоғары мектебі
  • "Ақпараттық технологиялар және энергетика" жоғары мектебі
  • "Басқару және бизнес" жоғары мектебі
  • "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебі
  • "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебі

Байланыстар: 

160012,   Шымкент қ.,   Тәуке хан даңғылы, 5

Электрондық пошта: canselyarya@mail.ru

Кеңсе: 8 (7252) 210141

Кеңсенің  факсі:8 (7252) 210141