ҚР ҰБ курстары, 28.06.2022
RUB 8.66 (-0.17)
EUR 487.18 (-9.76)
USD 460.95 (-9.95)

«Сырдария» университеті

«Сырдария» университеті ЖШС 1998 жылы Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Жетісай Оқу орталығы негізінде ашылған. (ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің № 408 бұйрығы, 27 шілде 1998 ж), 5 наурыз 1998 ж заңды тұлға ретінде ОҚО, Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында тіркелді, 6 ақпан 2007 ж қайта тіркелді (қайта тіркеу туралы куәлігі ЖШС №254-1958-10).

2015-2016 оқу жылында университет Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агентігі мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігінен институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу туралы куәлігтеріне ие болды. Сонымен бірге, "Сырдария" университеті бүгінгі таңда сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификациялық орган "Түрік стандарттар институтының" (TSE) № KY-6144/10-R және IQNET № TR-KY-6144/10-R сертификаттарына ие.

Оқу ордасында білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге де аса мән беріледі. Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, жастарға тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған "Сырдария" университеті республика деңгейінде өзін көрсете білді. Мұның дәлелі 2017 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық Жоғарғы Лига ойындарының 1-орын иегері, яғни чемпионы атанған "Сырдария құрамасы" жайдарман тобы болды.

Университет факультеттері:

  • Гуманитарлық білім
  • Жаратылыстану және математика 
  • Өнер
  • Дене тәрбиесі және спорт 

Байланыстар: 

Жетісай қ.,   М.Әуезов көшесі, 11

Электрондық пошта: sirdariya@mail.ru

Кеңсе: 8 (72534) 6-14-63

Кеңсенің  факсі: 8 (72534) 6-14-63