ҚР ҰБ курстары, 27.04.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 475.54 (-0.84)
USD 443.35 (-0.87)

Шымкент университеті

Шымкент университеті мекемесі 2001 жылы ұйымдастырылған. Университетте кәсіптік жоғары білім беру бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, университет жарғысын және министрліктің ережелер топтамасын басшылыққа алып жүргізеді.

Университет миссиясы – еңбек нарығында Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін білімді, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды тәрбиеленген мамандар даярлау мақсатында білім беру қызметінің сапасын үздіксіз арттыру.

Бүгінгі таңда университетте 24 бакалавриат, 7 магистратура  мамандықтары  бойынша білім беру қызметін жүргізеді. Бакалавриат мамандықтарының оқу мерзімі – 4 жыл. Ал қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, 2 жыл болып бекітілген. Магистратура мамандықтарының оқу мерзімі – 1 жыл, 2 жыл.

Университетте өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы құқық қорғау органдарымен, салық комитеттерімен, банктермен, орта мектеп ұйымдарымен келісімшарттар жасалған. Келісімшарттар екі жақты келісім бойынша дайындалып, өзара ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.

Университеттің басқа университеттермен халықаралық ынтымақтастық және бірлескен ғылыми қызметі бірлескен білім беру бағдарламаларын құрастыру үшін, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен магистранттарды даярлау үшін қолданылады. Республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарымен жасалған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылармен және білім алушылармен алмасулар жүргізілуде.

Университет факультеттері:

  • Гуманитарлы-педагогикалық факультеті
  • Экономика факультеті

Байланыстар:

 Шымкент қ., Жібек жолы көшесі ,131

Қабылдау бөлмесінің факсі:8 (72-52) 55-58-61