ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті өзінің бастапқы кезде 08.04.1998 жылы Оңтүстік Қазақстан университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып тіркелген (куәлігі 8046-1958-ЖШС).

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті маман даярлауда халықаралық деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі.

Болашаққа сенімді қадам басу – білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны Халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжірибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде. Білім беру жүйесі үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жоғары жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі. Профессорлар мен оқытушылар құрамында 60% – академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, доценттер және профессорлар бар.  

ХГТУ түлектері еңбек нарығындағы өзгермелі  жағадайларында тез бейімделе алатын жоғары кәсіби біліктілікке ие, осыған орай жоғары дәрежеде жұмыспен қамтылған.

ХГТУ-дың  негізгі бағыты жеке әлеуетін ашу, дамыту, өзін-өзі жетілдіру, республикалық және халықаралық деңгейлерде университеттің  озық позициялауын қамтамасыз ету.  Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжірибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізіп, Қазақстанға ғана емес, дүние жүзіне танымал білім ордасына айналуды көздейді. 

ХГТУ факультеттері:

  • Экономика және заң факультеті
  • Жаратылыстану және техника факультеті
  • Педагогика және филология факультеті
  • Спорт және өнер факультеті
  • Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті

Байланыстар: 

 Шымкент қ.,   Байтұрсынов көшесі, 80А

Электрондық пошта: mgtu-shymkent@mail.ru

Кеңсе: 8 (7252) 371-287

Кеңсенің  факсі:8 (72-52) 371-186