ҚР ҰБ курстары, 23.04.2024
RUB 4.78 (-0.01)
EUR 474.58 (-0.80)
USD 445.66 (-0.83)

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Білім беру саясаты Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде белсенді түрде іске асырылады. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша прогрессивтік реформалар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістердің платформасы болып табылады.

Бүгінгі таңда университет – мемлекеттік аттестациялау мен аккредитациялаудан өткен заманауи ірі ЖОО. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті – аймағымыздағы білім мен тәрбие берудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы. Университетте мұнайгаз өнеркәсібі, жол көлігі, машинажасау салалары үшін, сондай-ақ педагогика, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау, қаржы, геология, экология, жылуэнергетика, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және т.б. мамандықтары бойынша кадрларды дайындау іске асырылады.

Университет факультеттері:

  • Базалық
  • Педагогика
  • Бизнес және құқық
  • Инжиниринг
  • Теңіз академиясы

Байланыстар:

130000,   Ақтау қ.,   14- шағынаудан,   50 үй

Электрондық пошта: ksu@kguti.kz

Факс нөмірі: 8 /7292/  425-777