ҚР ҰБ курстары, 24.04.2024
RUB 4.76 (-0.02)
EUR 473.33 (-1.25)
USD 444.32 (-1.34)

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.

Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы  9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру.

Университет тарихы – бұл бір-бірін рет-ретімен алмастырған қалыптасу кезеңдері мен динамикалық дамудан тұрады. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты. 

2012 жылдан бастап Қазақ агротехникалық университетінің дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу. 

2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық  мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш рет ҚАТУ қабырғасында  «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді.   Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрларды дайындайтын елдегі 10 базалық ЖОО қатарына кіреді. Қазақ агротехникалық университетінің басым секторлары болып «Ауыл шаруашылығы машина жасау», «Тағам өнімдерін өндіру» анықталған.

Сонымен қатар университет әлемнің белгілі жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасын белсенді дамытуда. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі және бұл өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады. Қазіргі уақытта біз 20-дан астам жоғарғы оқу орындары мен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз серіктестік қатынасты орнаттық. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Беларуссия, Алмания, Малайазия, Италия, Израиль, Моңғолия сияқты мемлекеттері кіреді. Бұл мемлекеттерде 500-ден астам біздің оқытушылар мен студенттер ғылыми тағылымдамалардан өтіп білімдерін жетілдіруде.

QS World University Rankings® 2014/15 агенттілігінің әлемдік университеттер рейтингісінің нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО 701+ тобына кіреді; Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі және бұл өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады.

Бүгінде ҚАТУ – өзі профессорлы-оқытушылық құрамның арқасында жасалған негізі бар өзінің ғылыми мектептері қалыптасқан көп бейінді университет. 

Жарты ғасырдан астам уақытта елдің түрлі саладағы агроөндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам біліктілігі жоғары мамандар даярланды. Олар өздерінің орасан еңбектерімен мемлекет экономикасының дамуына беделді үлес қосып және өз қызметтерін жалғастыруда. Университет өз түлектерімен мадақтанады, олардың ішінде Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Сенат және Мәжіліс Парламенттерінің депутаттары, елшілер, көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала және аудан Әкімдері, ірі кәсіпорындар мен аграрлфқ кешендердің басшылары мен әртүрлі халық шаруашылығының мамандары бар.    

ҚАТУ факультеттері:

  • Агрономия факультеті
  • Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті
  • Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті
  • Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті
  • Техникалық факультет
  • Экономика факультеті
  • Энергетикалық факультеті 
  • Әскери кафедра

Байланыстар: 

010011, Нұр-Сұлтан қ.,  Жеңіс даңғылы, 62

Электрондық пошта: agun.katu@gmail.com

Кеңсе: 8 (7172) 317-597

Кеңсенің  факсі: 8 (71-72) 317-597