ҚР ҰБ курстары, 19.04.2024
RUB 4.76 (0.00)
EUR 477.55 (-0.38)
USD 447.4 (-1.49)

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ)–Қазақстан елордасының мамандандырылған экономикалық жоғары оқу орны.

ҚазЭҚХСУ келесі позициялар бойынша үздік ондыққа кіреді:

-ҚР жоғары оқу орындары арасында «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде);

- ҚР жоғары оқу орындары арасында «Қызмет көрсету» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде).

Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі.

Жоғары білім беретін мекемелердің Еуропалық Ассоциациясы (EURASHE) халықаралық ұйымының және European Retail Academy халықаралық білім беру жүйесінің мүшесі.

Азия университеттері ассоциациясының мүшесі.

55 жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен әріптестік қатынастар орнатылған.

Университет бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша (күндізгі, сырттай оқыту формаларында, сонымен қоса қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып), магистратураның 8 мамандығы бойынша және докторантураның 2 мамандығы бойынша мамандар дайындайды.

Университет Каннам университетімен (Оңтүстік Корея) және Еуропа университетімен (Швейцария) бірлесе отырып қос диплом бағдарламасын іске асыруда.

Университеттің Халықаралық бизнес-мектебі (ХБМ) бар, олАстананың солжағалауында Министрліктер үйі ғимаратында қолайлы жерде орналасқан. ХБМ Еуропа университетімен (Швейцария) бірлесе отырып MBA, DBAбағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Университеттің факультетер: 

  • Бизнес факультеті
  • Қолданбалы ғылымдар факультеті
  • Базалық дайындық факультеті

Байланыстар:

Нұр-Сұлтан қ.,  Жұбанов көшесі, 7

Электрондық пошта: mailbox@kuef.kz

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі: 8 (7172) 27-85-70

Қабылдау бөлмесінің факсі: 8 (7172) 37-16-22