ҚР ҰБ курстары, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

«Алматы» Университеті

Алматы үздіксіз білім беру университеті алғашқы рет өз есіктерін студенттерге 1998 жылы ашты. Алғашқы оқу жылында университетке тек 37 студент қабылданып, ал оқытушылардың саны 10 адамнан аспаған. Сол жылдары оқу орнының тұңғыш басшысы техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Әйтенов Кеңес Жолдасбайұлы (1998-2001) болды. Кеңес Жолдасбайұлы университеттің дамуына және білім беру үрдісінің жүйеленуіне мол үлес қоса білді.

Бүгінгі таңда «Алматы» Университеті – бұл 43 білім беру бағдарламалары, оның ішінде 30 бакалавриат мамандықтары, 11 – магистратура, 2– PhD докторантура бойынша оқу жүргізілетін, «Білім», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес», «Өнер», «Қызметтер» кадрларды даярлау бағыттары бойынша жаңа форматтағы заманауи көп бейінді ЖОО.

2017-2018 оқу жылы университет ректоры ретінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар академиясының құрметті академигі Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы тағайындалды.

Миссиясы: түлектердің білімдік және кәсіби даярлығының жоғары сапасын қамтамасыз ететін, білім, ғылым және өндірістің тығыз интеграциясына бағытталған көп бейінді типтегі университет.

Көп бейінді университет ретінде білімдік, зияткерлік және инновациялық кеңістіктің құрылуын, әлемдік тенденцияларға және қағидаларға сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз етуді және университеттің студенттері мен оқытушыларының академиялық тұтастығына қамтамасыз етуді қарастырады.

Болжамы: Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін қажетті үздіксіз білім берудің енгізілетін үлгісі негізінде зияткерлі дамыған мамандардың даярлығын қамтамасыз ету.

Университет мектептері:

  • Экономика және құқық мектебі
  • Педагогика мектебі

Байланыстар: 

050004, Алматы қ.,   Ақсай 3/36 ш/ауд, Қонаев көшесі, 43

Электрондық пошта: info@almaty-university.kz, info@symbat.kz

Кеңсе: 8 (72-72) 485-658

Кеңсенің  факсі: 8 (72-72) 485-646