ҚР ҰБ курстары, 27.04.2024
RUB 4.82 (0.00)
EUR 475.54 (-0.84)
USD 443.35 (-0.87)

Сулейман Демирел университеті

Сулейман Демирел университеті - Алматы облысы Қаскелең қаласында орналасқан көпсалалы жекеменшік жоғары оқу орны.

Халықаралық "Білім Орда" қоғамдық қорының демеушілігімен университет 1996 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің президенті Сулейман Демирелдің қатысуымен ашылды.

Университеттің негізгі қызмет көрсету түрі - жоғарғы білім, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беруді жүзеге асыру. Университеттің бағдарламалары қоғамның қажеттіліктеріне бағытталған және қоғам ішінде үнемі өзгерістегі әлеуметтік, саяси және экономикалық ахуалға бейімделген. Университетте халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына сай сапалы білім алуға, профессорлық-оқытушылық құрамның (ПОҚ) үнемі біліктілігін арттыруына және университетті басқару тиімділігін арттыруына барлық жағдай жасалған. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы әртүрлі білім салаларында ғылыми зерттеу жүргізеді. Университет қосымша білім қызметтерінің кең түрін ұсынады.

Университет студенттерге кәсіби және жеке тұрғыда даму үшін қажетті барлық дағдыларды беруге бағытталған. Студенттің жеке тұлға ретіндегі интеллектуалдық әлеуеті мен ар-намысы оқу орны үшін аса маңызды болып табылады.

Университет факультеттері:

  • Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
  • Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
  • Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті
  • СДУ бизнес мектебі

Байланыстар: 

050043,   Қаскелен қ.

Электрондық пошта: info@sdu.edu.kz

Кеңсе: 8 (727) 307-95-66

Кеңсенің  факсі:8 (727) 307-95-58