Курсы НБ РК на сегодня, 29.03.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 483.46 (-3.48)
USD 448.15 (-1.43)

Тролль дегеніміз не?

-Тролль түртті!

-Кім? Қалай?

Тролль - Скандинав аңыздарының ең танымал  мифтік кейіпкері -  зұлым ергежей, жын. 

Бірақ оның бүгінгі күйі өзгеше! «Интернет тролль» әлеуметтік желімен бірге өмірге келді. Оның мұндағы миссиясы да –тұқырту, түңілту, тура жолдан тайдыру.      

Don't feed the trolls! «Тролльді тамақтандырма» деген түсінік. 

Тролль қалай тамақтанады? 

Сіз оны провокациялық комментарийлерге жауап беру арқылы күшті етесіз. 

Бірақ бүгінгінің  ақылы троллері оған да қарап жатпайды. Сіздің жауабыңыз ол үшін түк те емес. Енді қайттік?  

Ақшаға жұмыс істейтін «кәсіби тролльдер»   интернеттегі агрессивті топ секілді. Негізгі жұмысы -  ірі БАҚ сайттары, танымал блог, атақты адамдардың парақшаларына кіріп,  комментарийлерді үйіп-төгу.  

Бір қызығы олар тек  даттамайды, жақтайды да. Тілі тұрпайы, ұрысып-керістіру үшін боғауыз сөздерден де тайынбайды. Немесе осыған керісінше әрекет болады. 

Бұл белсенділердің жазғанын  оқып отырып,  шынында-ақ «қоғам осылай ойлайды екен-ау» деп қаласың.  Тролльдердің арбауына түсіп жатқандардың тізімінде қарапайым пайдаланушылар ғана емес, белді саясаткер, журналистер де  көп. 

ТРОЛЛЬДІ ҚАЛАЙ ТАНИМЫН?    

Оларды парақшаларынан байқауға  болады. Әдетте тролльдердің достары аз, жеке суреттері мен посттары жоқ.

ҚАЗАҚСТАНДА ТРОЛЛЬ ФАБРИКАСЫ БАР МА?  

Қазақстан Интернет Ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров елімізде  автоматтандырылған боттардың армиясының барына күмәнмен қарайды. Оның айтуынша,  Қазақстанда ақшаға комментарий жазатын шамамен 15-тен астам ықпалды топ бар. Олартапсырыспен жұмыс істейді: мақтап комментарий жазады немесе керісінше жамандай береді. Сөйтіп сенгіш халықтың пікірін өзгертіп жіберуі  мүмкін.Ал Ұлтаралық қақтығыс пен дінараздықты тудыруда АҚШ-тың тролльдері ешкімге дес бермейді.

Тролльдерді байқасаңыз не істеген жөн? 

1.         Сайттың немесе әлеуметтік желінің әкімшісіне дереу хабарлаңыз.   

2.         Өзгелердің көңілін аударту. Мәселен, комментарийде «ерекше юзерлердің» жүргенін жазыңыз. 

3.         Интернет айтыс агрессияға толып кетсе, адаспаңыз.Мүмкін тролльдің мақсаты дәл сіздің көзқарасыңызды өзгерту болар.