Курсы НБ РК на сегодня, 31.10.2020
RUB 5.47 (+0.02)
EUR 505.02 (-1.77)
USD 432.64 (+0.41)

Сайттан алғыр

Алаяқтық кам бэк? 

ЖОҚ! Күз-көктем, жаз-қыс? Бәрібір🤡


2019 жылы 2,5 млрд кибершабуыл тіркелген. Биылғы статистика 📈 әзірге белгісіз. 

Алдын алайық! 3nukte_ мен бірге 😉

Бүгін біз 2 ( а, b) түрін қарастырамыз.

Алданбау үшін, Маңызды: 


🅰️. Хабарландыру арқылы жасалатын алаяқтық.

Көлігіңізді сатпақ болып, сайтқа хабарландыру жаздыңыз. Сізге сатып алушы хабарласады. Бірақ, қалада емеспін, анау-мынау деп алдын-ала ақша беріп қояйын дейді. Ол үшін сіздің  есеп шотыңызды сұрайды. Алданам деп ойламаған сіз, карта нөмірін жібересіз. 

Аз уақыттан кейін алаяқ қайта қоңырау шалып, телефоныңызға смс хабарлама келді,  сол сандарды маған айтсаңыз ақша түседі дейді. Жіберсеңіз, fail... fail... fail...

Себебі сіз бар ақшаңыздан айырылып қаласыз. 💸


🅱️. Ақша ұрлаудың классикалық және кең тараған тағы бір түрі-банк реквизиттері арқылы жасалады.

      Сізді әп-сәтте тақырға отырғызып кету үшін алаяққа НЕ керек?

• төлем карточкасының алдыңғы жағында көрсетілген 16 (кейде 18 цифр);

• картада көрсетілген аты мен тегі, оның қолданылу мерзімі;

• ең бастысы - артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV / CVC);


❗️Сондықтан бұл деректерді ешкімге, ешқашан БЕРМЕҢІЗ❗️Егер төлем картасы жоғалған немесе ұрланған болса, банк бөлімшесіне хабарласыңыз.


📌АЛДАНЫП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

- Хабарландыруда көрсетілген тауардың суретіне мән беріңіз. Мүмкіндігіңіз болса, суретті интернетте тексеріп көріңіз. Себебі суреттер ескі хабарландырудан алынған болуы мүмкін.

- Сатушымен видео қоңырау арқылы сөйлесуге келісіңіз.Тауарды көрсетуді талап етіңіз. Бас тартса, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

- Ешқашан танымайтын адамға ақша жібермеңіз. Егер жіберіп қойған болсаңыз, чекті сақтаңыз. Бұл полицияға қылмысты ашуға көмегін тигізеді.

- Ең дұрысы көзіңізбен көрмей, қолмен ұстамаған затты ешқашан сатып алмаңыз!


❓СІЗДІҢ АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНҒАН КЕЗІҢІЗ БОЛДЫ МА?

⬇️ Комментарийге жазыңыз. Ұрылардың арбауынан бір-бірімізді сақтайық.