ҚР ҰБ курстары, 20.04.2024
RUB 4.79 (+0.03)
EUR 475.38 (-2.17)
USD 446.49 (-0.91)

М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

М.Х. ДУЛАТИ атындағы ТАРМУ 60 мамандық бойынша бакалавриат, 39 мамандық бойынша магистратура және 3 мамандық бойынша PһD-доктарантура мамандарын дайындайды.

Университеттің басты ерекшеліктерінің бірі оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-педагогикалық деңгейінің жоғарылығы. Бүгінде ТарМУ-да 600 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 42 ғылым докторы, профессорлар, 257 ғылым кандидаты, 296 магистр және 21 PhD докторы бар.

Университет арнайы агенттіктер өткізетін ұлттық рейтинг бойынша да жақсы нәтижелерге жетуде. 2013 жылы біздің университет еліміздің 19 көпбейінді ЖОО-ның ішінде 11-ші орында болса, 2014 жылы 10-шы орынды иеленді. Университеттің бірқатар мамандықтары да жоғары рейтинг тұрғысынан көрінуде. Мысалы, ҚР ЖОО-ның арасында 2013ж. университеттің «Машина жасау» және «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары 3-ші орынды алса, «Ақпараттық жүйелер» және «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандықтары 2-ші орынды иеленді.

Соңғы 5 жылда Тараз мемлекеттік университеті аймақ пен республикаға қажетті 13000-нан астам маман дайындады. Бітірушілердің сапасы мен қажеттілігі олардың барлығының жұмыспен толық қамтылуынан көрінеді. 2014 жылы 1219 бітірушілердің 1074-і жұмысқа орналасқан, яғни жұмысқа орналасу көрсеткіші 88,16% құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,16% жоғары болды.

Университет факультеттері:

  • «Экономика және бизнес»
  • «Заң»
  • «Су шаруашылығы, экология және құрылыс»
  • «Мұнай-газ және механика»
  • «Технологиялық факультет»
  • «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация»
  • «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар»
  • «Инженерлік-экономикалық мамандықтар»
  • «ЖОО-нан кейінгі білім беру»
  • «Сырттай оқыту»

Байланыстар:

080012, Тараз қ.,  Суүлейменов көшесі, 7 

Электрондық пошта: info@tarsu.kz

Номер факса канцелярии 8(7262) 432402