ҚР ҰБ курстары, 06.05.2024
RUB 4.86 (0.00)
EUR 475.14 (0.00)
USD 441.66 (0.00)

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (бұрынғы Қарметкомбинат жанындағы зауыт- ЖТОО) – бірегей жоғары оқу орны. Оның жарты ғасырдан артық тарихы қала және ел тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі 1943 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойынша Нұра өзен бойындағы Самарқан су қоймасының жағасында Қазақстан металлургиясының тұңғышы – қазақ металлургиялық өңдеу зауытының құрылысы басталды.

2004 жылы Қарағанды металлургиялық институты Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып студенттерді кредитті технология және инженер-техникалық кадрларды үш сатылы деңгейлі жүйе: бакалавр – магистр – доктор Phd бойынша оқыту жүйесін жүзеге асырды.

2006 жылы Қарағанды металлургиялық институты базасында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (25.07.2006жыл Қазақастан Республикасының Үкіметінің 25.07.2006 жылғы №705 қаулысы) құрылды.

Бұл жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инженерлі-техникалық кадрларды дайындауға арналған мамандықтар номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні бұл бакалавриат бойынша 18, магистратура бойынша 8 және доктарантура бойынша 2 мамандықтар. Профессорлы-оқытушылар құрамының шамамен 50% ғылым докторы, ғылым кандидаты, Phd докторы деген ғылыми атақтары, дәрежелері бар. Университеттің тәжірибелі оқытушылары жыл сайын республикалық «ЖОО Үздік оқытушысы» байқауына қатысады. 2006 жылы осы байқаудың бірінші жеңілпаздары Зоя Салеховна Гельманова және Виталий Антонович Талмазан.

Университетте студент жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Жоғары оқу орнында 59 мамандандырылған зертхана, университетте 12 кәсіпті бейінді зерханадан құралған меаллургиялық орталық жұмыс жасайды. ҚМИУ – Қазақстанда қолданыстағы металлургиялы пештердің моделдері бар тәжірибелі-өндірістік алаң жұмыс жасайтын жалғыз жоғары оқу орны.

ҚМИУ факультеттері:

  • Металлургия және машинажасау
  • Энергетика, көлік және басқару жүйелері
  • Экономика және құрылыс

Байланыстар:

101400,  Теміртау қ.,  Республика даңғылы, 30.

Электрондық пошта:kgiu@mail.ru

Кеңсе: 8(7213) 90-79-04 (внутренний 123)

Факс: 8(7213) 91-56-26, 91-42-66