ҚР ҰБ курстары, 24.04.2024
RUB 4.76 (-0.02)
EUR 473.33 (-1.25)
USD 444.32 (-1.34)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО-лары арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді.

Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізге ие.

Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Сіздерге алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы.

ҚазҰУ факультеттері:

  • Биология және биотехнология факультеті
  • Шығыстану факультеті
  • Экономика және бизнес жоғары мектебі
  • География және табиғатты пайдалану факультеті
  • Журналистика факультеті
  • ЖОО дейінгі білім беру факультеті
  • Механика-математика факультеті
  • Тарих, археология және этнология факультеті
  • Халықаралық қатынастар факультеті
  • Физика-техникалық факультеті
  • Филология және әлем тілдері факультеті
  • Заң факультеті
  • Философия және саясаттану факультеті
  • Медицина және денсаулық сақтау факультеті
  • Химия және химия технологикалық факультеті
  • Ақпараттық технология факультеті

Байланыстар:

050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71

Электрондық пошта: info@kaznu.kz

Кеңсе: 8 (727) 2211175

Кеңсенің  факсі 3773344